Құрмалас сөйлемді қайталау

50

Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы,  алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау.

Дамытушылық:Ойлау белсенділіктерін арттыру,  ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту,  топта жұмыс жасауға  дағдыландыру,  өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету,  шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтымыздың дәстүрлерінен үлгі алуға тәрбиелеу. Фунционалдық сауаттылықты тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  қайталау сабағы

Сабақтың пән аралық байланысы:  әдебиет, тарих.

Сабақтың әдісі: интерактивті, түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, мадақтау, қайталау, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: бейнебаян, презентациялар, плакаттар, суреттер, кеспе қағаздары.

Сабақтың  қолданылған технологиялар: Сатылай кешенді талдау, сыни тұрғыдан, АКТ

Сабақта қолданылған модульдер: АКТ, Диалогтік оқыту, оқытуды бағалау және оқуды бағалау, қалай оқу керектігін үйрету. Сыни тұрғыдан ойлау,

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. (әуен)

А) Амандасу

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдірет берген ана тілі талай ұлға,

Қасиетті сол тілдің арқасында,

Ерікті ел боп алысқа  қарайын да,

Ана тілім, күмбірле сарайымда, — деп Марфуға Айтқожина ақын жырлағандай сұлу да, көркем қазақ тілі сабағымызды әдеттегідей шаттық шеңберімізнен бастайық.

Шаттық шеңбері

Білім алауға  барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне- мен!

Доспын енді сенімен

Достығымыз берік боп,

Бекітейік беріп қол.

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген

Достарды біз қолдаймыз.

Белсенді жұмыс жасаймыз.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тереңдету арқылы, алған білімдерін жүйелеу, бекіту, қорытындылау, талдау, жинақтау барысында білімдерімізді бағалау үшін мына  бағалау критерийлерге негізделесіңдер

Бағалау критерийлері:

«0» — материалды түсінбедім

«1» —  материалды түсіндім , бірақ кейбір жерлерде ауытқушылықтар бар

«2» — материалды түсіндім, бірақ толықтырулар керек

«3» — материалды толығымен түсіндім.

 

14-15 ұпай – «5» деген баға

12-13 ұпай – «4» деген баға

10-11 ұпай – «3» деген баға

8-9 ұпай – «2» деген баға

Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетіп, нәтижесін көру үшін, мына биік шыңға жетуіміз керек. Ол үшін Мына кезеңдерден сүрінбей өтуіміз керек.

  • «Білім мен дәстүр сыны»
  • «Талаптыға нұр жауар»
  • «Білек сүріндіре алмағанды білім сүріндіреді»
  • «Білімді жүйелеу»
  • «Білімді бекіту»

 Үй жүмысын тексеру  «Білім  мен дәстүр сыны» кезеңі

Бұл кезеңдегі тапсырмалар Наурыз мерекесіне байланысты болмақ. Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы суреттерді сәйкестендіріп құрастырғанда, Наурыз тойын тойлап жатқан ауылдың көрінісі бейнелеген сурет шығуы керек. Бұл қима қағаздарды құрастыру үшін, алдымен, әр қима қағаздың артында берілген тапсырмаларға оқушылар дұрыс жауап беруі тиіс.

Тапсырмалар орындау арқылы оқушылар өтілген тақырып бойынша алған білімдерінің және салт дәстүрімізді қаншалықты білетіндіктері анықталды. Қима қағаздарда екі сұрақ берілген.

  1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  2. Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
  3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не және ол неше түрге бөлінеді?
  4. Ерулік деген не?
  5. Кезектес салалас құрмаласқа мысал айт
  6. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата
  7. Сасық күзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады, неге десеңіз,….. (себеп салдар салалас)
  8. Наурыз көже неден дайындалады? (жүгері, арпа, бидай, күріш, су, тұз, айран)
  9. Тыстағы жұмыс біткен кезде, …. (мезгіл бағынңқылы сабақтас)
  10. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
  11. /……../. шаршағанына қарамастан ,/ ……../ (қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасау керек)
  12. Жеті қазынаны ата( ер жігіт, сұлу әйел, ақыл білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

 

Қима қағазды қосқанда, артқы жағында наурыз мерекесін тойлап жатқан ауылдың көрінсі куреттеледі.

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымзды наурыз айында болатын қазақтың жаңа жылы  көктем келіп жер көгеріп, күн мен түннің теңелген күні,  қар еріп,бәйшешек атқан  наурыз мересесімен байланыстырғым келіп отыр. Ендеше, назарларыңызды бейне баянға салсаңыздар. (Фильм)

Ал, балалар өздерінің ойларың бойынша наурыз мерекесінде қандай дәстүрлер болады, ол жайында не айтып кетер едіңдер.

«Талаптыға нұр жауар» кезеңі

Балаларға наурыз мерекесінде  қазақтың төл дәстүрлеріміз, әдеп ғұрпымызды насихаттау мақсатында отырған дүйім халыққа әр топ плакаттарда мынадай тапсырмалар орындайды:

  • Топ ұлттық киімдерді
  • Топ ұлттық ойындарды
  • Топ ұлттық аспаптарды
  • Топ  ұлттық тағамдарды

Тапсырманың ережесі бойынша

Тақырыпты ашып,  құрмалас сөйлемдерді қолдануылып,тіл тазалығы, сауатылығын сақтау керек.

Әр топтың баяндамашысы немесе топ қорғайды.

Жақсы балалар,,жаңа  ғана  біз наурызға байланысты бірнеше салт- дәстүрлер туралы сөз еттік. Олай болса, осы ұлттық ойындарға байланысты алдарыңа мәтін таратамын.Яғни, келесі кезеңіміз

«Білек сүріндіре алмағанды -білім  сүріндіреді» кезеңі

«Шашыранды мәтін» стратегиясы. (топттық жұмыс)

КӨКПАР ойыны

  1. Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 кг-дай келеді. Көкпар жігіттердің күш-жігеріне, төзімділігіне, батылдығы мен ептілігіне сын. Сонымен қатар Көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорттық ойын. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі.
  2.   Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының “отауына” жеткізу. Көкпар “отауға” жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпардыөз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.
    1. Қазақ халқында ат үстінде ойналатын «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Көкпар», «Бәйге» сияқты ойындар бар. «Көкпар» ойынының атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан. Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Дәлiрек айтсақ, көкпар түркiлермен бiрге жасасып келедi. Тiптi олардың арғы тегi сақтар да көкпар тартқан деген дәлелдер бар. Алайда көкпарды сақтап қалған, әрi оны дамытқан қазақ екенi айдан анық. Тас жар қабақтардан табылып жатқан суреттер осы сөзiмiздi дәлелдеп, көкпар жерiмiзде сан ғасырлардан берi тартылып келгенiн айғақтайды.

3.Қазақстанда 1949 жылы Көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Осыған сәйкес Көкпар жарысын арнаулы алаңда, командалық сипатта өткізу белгіленді. Ал 1958 жылдан Көкпар бәйге алаңдарында өткізіліп келеді. Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 метрлік шеңбер (“отау”) сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәлортасына Көкпар қойылады. Жарысбасталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Ойын жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді.

— Жақсы балалар, енді мәтінің бірінші абзацында құрмалас сөйлемдер болса табайық. ( оқушылар тауып, қолдарын көтеріп, сөйлемді оқиды) ендеше балалар келесі кезеңіміз

 «Білімді жүйелеу»кезеңі

Мәтіннің бірінші абзацына құрмалас сөйлемді тауып тақтаға жазады  да, сөйлемге сатылай кешенді талдау жасайды

  1. Тас жар қабақтардан табылып жатқан суреттер осы сөзiмiздi дәлелдеп, көкпар жерiмiзде сан ғасырлардан берi тартылып келгенiн айғақтайды.
  2. Сынтаксистік талдау
    • Тыныс белгілері: үтір, сызықша
    • Айтылу сазы мен мақсатына қарай: хабарлы
    • Құрылысына қарай: құрмалас сөйлем

А) сабақтас құрмалас сөйлем

Ә)қимыл – сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

2.4  а) Не істеп келгенін айғақтайды? – тартылып келгенін айғақтайды.- күрделі етістік, баяндауыш

Ә) не тартылып келгенін айғақтайды?- көкпар- дара, зат есім, бастауыш

Б) қайда айғақтайды?- жерімізде – дара, зат есім іміз – тәуелдік жалғауының І жағы көпше  түрі, де – жатыс септік жалғауы

В) қашаннан бері келгенін айғақтайды?- сан ғасырдан бері- күрделі, зат есім, дан – шығыс септік жалғауы, пысықтауыш.

2.5.  а) жерімізде айғақтайды –меңгеру. Тәсілі – жалғаулар арқылы

Ә) көкпар айғақтайды – қиысу,  тәсілі- орын тәртібі арқылы

2.6.көкпар айғақтайды

А) құрылысына қарай: еркін тіркес.

Ә) тұлғасына қарай: етістікті тіркес.

Білімді бекіту кезеңі

Графикалық диктант.

Тапсырма:

Сөйлемдер

  1. Ол қапелінде қайда жатқанын есіне түсіре алмай, маңдайын сипай түсті.
  2. Бұл жауапты Қаратай тағы бір от шығып кетпесін деп, майдалап жеткізбек болды.
  3. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға  қамап қойды.
  4. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.
  5. Күн шығып, ел тұра бастады, — нұрлан әлі келген жоқ.
  6. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.
  7. Жүсіп сөйлемекші еді, — оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп, бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.
  8. Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.
  9. Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды
  10. Ой-ұғымы, сезім- түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір бірімен тату дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір – бірінің жай күйін жақсы ұғысады.

Рефлексия (Кері байланыс)

Жақсы балалар, барлық кезеңдерден өтіп тапсырмаларды орындап  ал енді өздеріңді осы таудың  қай жерінде екендеріңді білу үшін бағалау парағымыздың формативті бағасына  жиынтық бағамызды шығара қояйық. Алдарыңызда таудың көрінісі бейнеленген әрқайсыларың  осы таудың қай жерінде екендеріңді белгілей қойыңдар.  Парақтың арты жағына өз ойларыңды жаза қойыңдар.

Үй тапсырмасы: Үй тапсырмасы:«Ата –баба салтым-мол мұрам » атты  эссе жазып келу.

Бағалау

Қоштасу