«Л» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру

88

 

Сабақтың тақырыбы:   «Л»  дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Сабақтың мақсаты:  «Л» дыбысын сөзде

анық айтуға машықтандыру.

«Л» дыбысын басқа буын, сөз,  ішінде дұрыс

ажырата білуге үйрету. Фонематикалық қабылдауын

дамыту, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау

қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі:         Жеке

Көрнекілігі:             «Л» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық

жаттығулар, слаид, түрлі суреттер, тапсырмалар.

І Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Мимикалық гимнастика

Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай);

Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз;

«Жымию»

«Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері»………..

А – а — а                   У  —  у – у – у

О- о – о –о            И – и – и – и

Арнайы құралдармен тілге жаттығулар жасау.

Тыныс алу жаттығулары

«Батбырауық ұшырамыз» (батбырауықтар түрлі түсті, оқушылар түстерін өздері таңдайды). «Алақанымызды жылытамыз» (Бір деммен жылы ауаны үрлеу.)

Бүгінгі сабағымыз ертегі түріне өтеді, ертегінің тақырыбы

                                       «Тиіннің туған күні»

ІІ Негізгі бөлім

  • Аманғали биылғы жылды білу үшін тапсырманы орындайық.
  • Ненің суреті шықты.
  • Ұлу .
  • Және бүгін тиіннің туған күні.
  • Ұлу тиынның туған күніне достары мен барғысы келіп тұр.Достарына бару үшін бізден көмек сұрайды. Не істеуіміз керек.
  • Көмектесеміз ба?
  • Иа

Көмектесу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

  1. Тапсырма.

«Л дыбысының артикуяциясы»

Алдымен ”Л” дыбысының  артикуляциясына  назар  аударамыз.

                       «Л» дыбысының артикуляциясы

                       (сөйлеу мүшелерінің әрекеті)

                     «Л» дыбысы дұрыс шығуы үшін

              тістердің арасы ашық тұруы керек,

             ал тіл ұшы үстіңгі тістің түбіне

            немесе қызыл иегіне барып тіреледі.

  Піл суретін бастыру.

Қандай жануардың суреті?

Піл. Сонда ұлу кімге келді?  Пілге

Піл, піл

Ұлу пілдің мұрнына отырып алтыбақан тебеді

Тіл жаттығу «Алтыбақан»

 

Пілмен ұлу жолға шығады. олар жолды білмейді, не істейміз көмектесеміз.

Көмектесу үшін тағы тапсырмаларды орындаймыз.

 

  1. Тапсырма Ойын: «Мен бастаймын, сен аяқта»

  Ба—————- л                         Жа   —————л

 Ма—————л                            Қа——————л

 Са ————-л                             Е——————-л

     Та —————л                             Ша———————л

  • Бәрінде бар қай әріп? «Л»
  • Дұрыс
  • Піл мен ұлу түлкіге келді.

Түлкі оларды күліп қарсы алады «Жымию»

Түлкі, түлкі

Ұлу, түлкі, піл үшеуі қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Аманғали сенен көмек сұрайды.

  1. Тапсырма

«Л» дыбысын дұрыс айт, анық айт.

Ла — ла — ла- лас                             Ал – ал – ал — алма

Ло — ло — ло — лом                           Ол – ол – ол — олжас

ұл – ұл – ұл – ұлжан                      әл — әл — әл – әлек

 

Мына суреттердің ішінен «Л» дыбысы бар жануарды көрсет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тентек лаққа кездеседі.   Лақ, лақ, лақ  Сергіту сәті.

Лақпен бірге дыбыс шығарамыз.

Мә – мә  — мә  — мә

Ұлу, түлкі, піл, лақ  төртеуі  қосылып жолға шығады, жолда тапсырмалар кездеседі, олар орындай алмайды. Аманғали сенен тағы көмек сұрайды.

                           

                                   Жұмбақ шешу

Күндіз көрінбейді

Түнде күлімдейді.                                                          Жұлдыз

 

Әрі қызыл, әрі тәтті,

Татқан жанды таңырқатты.                                    Алма

 

Сумаңдаған тілі бар,

Бұраңдаған ізі бар.

Тіл ұшында уы бар,  

Ол не? Біліп ал!                                                          Жылан

 

                       Ұйқасын тап.

 Алмастан тыным

Шабады  …………………..                                             Құлын

 

Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап  ……………….                                           Алмұрт

 

Жағасында бұлақ, жайылып жүр………………….   Лақ

 

Құйрығы он арыс, бұл айбатты ……………………. Жолбарыс.

 

Үні ғажап,

Дүлдүл,

Бақта сайрар………….     Бұлбұл.

 

Барлық тапсырмаларды орындадық, Ұлу, піл, түлкі, лақ орманда тиіннің үйін іздейді, жолдан саңырауқұлақ тереді. «Саңырауқұлақ» жаттығу. Олар асығыс сағатқа қарайды. «Сағат» жаттығу.

Тиынның үйіне келеді.

Үйінің есігі ашылып жабылып тұр «Ауызымызды ашып — жабамыз»

Үйде тиын оларды күтіп жүр. Бәрі дастарханға отырып, ас ішеді

Дастарханда «Тәтті шырын», «Кесе» шай ішеді

«Ат шауып келеді»                  «Тәтті шырын»                              «Кесе»

 

 

Дыбыстық және қол  саусақтарына  арналған  жаттығулар:

                                    Бұлбұл ән салып кіреді.

Тиін , тиін, тиін,

Әдемілеп киін!

Сенің туған күніңде,

Әнге толсын үйің!

 

Әтеш айқайлап келеді

Ку – ка – ре – ку

 

Әдемі әтеш

Таң атпай тұрыпты

Жан жағына қарапты

Айдарын тарапты

 

Мысық мияулап келеді    Мияу – мияу

 

Пеш түбінде мысық отыр,

Аздап қөзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі келіп,

Тісі оның қышып отыр.

 

Күшік үріп келеді    аф- аф – аф

Осылай бәрі тиінді құттықтайды.

 

Қорытынды:       Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.

Бүгінгі сабаққа бізге кім келді?    Ұлу

Олардың достары кім?

Піл, түлкі, лақ.

 

Үйге тапсырма.