Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы

52

 

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық ойындар арқылы тіл ұстарту сабағы

Сабақтың мақсаты:  оқушылардың лексика тарауы бойынша білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету,ізденгіштігін арттыра отырып,ой-өрісін кеңейту,тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін,сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін ұштау.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттер дарыту, ізгілікке, ынтымаққа,халықтық педагогика негіздеріне,өзара сыйластық,достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: іздендіру,салыстыру,проблема қоя салыстыру,диалогты ойын түрлері,мәтін құрастыру.

Сабақтың түрі:  танымдық жарыс,тіл дамыту

Сабақтың көрнекілігі: түрлі-түсті суреттер, сызбалар, слайдтар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа қатысы,құрал-жабдықтардың

ІІ.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тіл патшалығы елінде» деп аталады.

Сабақтың эпиграфы: Тілдің қадірін білмеген

Кімнің қадірін білген?

Тіл ұстарту сабағы қазақ тілінен өтіп жатқан лексика тарауына арналады. Қазақ тіліндегі сөз, оныі мағынасын зерттейтін саланың қыр-сырын меігеру -мақсатымыз. Сабақ топтық жарыс түрінде өтеді. Жарыс жеті айналымнан тұрады.

І топ  -«Тілшілер»  ІІ топ-«Тапқыштар»   ІІІтоп — «Шешендер»

  1. Топтың аты -«Тілші»,

Сүріндіріп көрші!

  1. Тобымыз біздің — «Тапқыш»,

Білейікші кім айтқыш?

  1. Аталды топ -«Шешен»,

Не болса да шешем!

1-айналым. Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.

«Тілші»  — сөз,ағаш,ер

«Тапқыш» – тіл,қыс,жер

«Шешен»  — шешен,көз,тауық

2-айналым. Балалар, қазақша ай аттарын жатқа білеміз бе? Қане, енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойыны арқылы білім сынаймыз. Шарты: Тақтаға жазылған қате атауларды дұрыс жазып шығу.

«Тілшілер» — 1. ҢАҚАРТ.  2.ПАҚНА.  3.УАРЗЫН  4.РЫММА

«Тапқыштар» — 1.МЫСУМА. 2. РҚУЫЙКЕ. 3. АРҚАША.  4. ЗАҚАН

«Шешендер» — 1.ЛЕЖСАНТОҚ.  2. МАЗЫТ.  3. ДЕЛІШ. 4. СУІРӘ

3-айналым — Топтық тапсырма:  «Сен қалай ойлайсың?» Үлестірмелі парақша суырып, жауабын жазу.

«Тілшілер» — Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын айту.  ит арқасы қиянда, қоян жүрек, тісінен шығармау, бармағын тістеу,көзі шарасынан шығу,қызыл өңеш болу

«Тапқыштар» жеті,үш,тоғыз сөздері қандай тіркес,ырым-тыйым сөздер бар? Мысалы: жұт жеті ағайынды жеті шелпек,жеті күн,жетісін беру, ер кезегі үшке дейін,тоғыз тоқырау,жеті қазына, жігіттің үш жұрты т.б.

«Шешендер»  — Тыйым сөздердің мәнін түсіндір. бүйіріңді таянба, түнде суға барма, тізеңді құшақтама, үйге жүгіріп кірме, есікке керілме, адамды санама, бас киімді теріс айналдырып киме т.б.

4-айналым — Сурет бойынша әңгіме. «Суреттер сөйлейді»,жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді,суретті пайдалана отырып, тақырыпқа қатысты мақал-мәтел,тұрақты тіркестер арқылы мәтін жазу.

5-айналым — «Кім тапқыр?»ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толықтыру

 

«Тілшілер» – 1Жақсыдан —  шарапат,Жаманнан — кесапат

2.Ашу-…, ақыл-…

3…сөз- көмір, …сөз- алтын.

«Тапқыштар»  —  шаш,қас,бақ сөздері омоним болатын сөйлемдер құрау, осы сөздер қатысқан мақал-мәтелдер айту.

Мысалы: Әйелдің шашы ұзын,ақылы қысқа.Қасың берген асты дұшпан көрме.Бақ-ұзатылған қыз.

«Шешендер» — Табу,эвфемизм,дисфемизм қатысқан мәтін құрап әңгілеу.  Мысалы: Менің ағам былтыр үйленді. Жеңешем бәрімізге ат қойды. Мені «Кішкенем»,інімді «Шырақ»,сіңлімді»Шырайлым» деп атап кетті. Ағамның үлкен ағалары мен апа-жеңгелерін де атымен атамайды. «Үлкен үйдегі қайнаға»,»Жеделдес қайнаға», «Әнші жеңешем», «Үндемес»,»Әкім абысын» деген аттары бар. Жеңешем о дүниелік болған адамдардың да атын тергейді. Жақында жеңешем бәрімізге қуаныш сыйлады. Біздің жанұя ат ұстатар мен шай құяр бқпелермен толықты. Мен жеңешеме дән ризамын.

Осы мәтінде табу,эвфемизмдер бар.

6-айналым — Топ басшыларына тапсырма: «Кім жылдам?»Сөзтізбек» ойыны. Шарты: Әр сөздің соңғы дыбысынан басталатын сөздер тізбегін жасау. 2минутта 10сөз жазып шығу.

7-айналым — Сабақ эпиграфын ашу мәнінде «Тіл қадірін білмеген- ел қадірін білмейді» тақырыбына ойтолғау жазу.

 

Қорытындылау:  Сабақтың қорытындысында 3топтың оқушыларының бағасы бағалау парақшалары бойынша шығарылады. Ең жақсы жауап беріп,белсенділік көрсеткен әр топтың 3оқушысына «Озат тілші»,»Тапқыш ұлан»,»Зерделі шешен» атағы табыс етіледі. Бұлар — «Тіл патшалығы» елінің көсемдері, ал қалған оқушылар ,сендер -сол көсемдер бастаған елдің талантты ізбасарларысыңдар!

 

                                   Кері байланыс парағы