Талғаулы салалас құрмалас сөйлем

52

Сабақтың тақырыбы:     Талғаулы   салалас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік:Талғаулы   салалас туралы түсінік беру қарсылықты салаластың жалғаулық шылауларын үйрету

2.Дамытушылық:  Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

112-жаттығу

Ереже сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

. Талғаулы салалас

 

Талғаулы салалас құрамындағы жай сөйлемдердің өзара болжалдық қарым-қатынаста болып, тек біреуіндегі істің, оқиғаның жүзеге асатындығын көрсетеді. Талғаулы салалас я, яки, болмаса, не, немесе, әлде, әйтпесе деген жалғаулықтар арқылы байланысады. Талғаулы салаластың арасына үтір қойылады. М ы с а л ы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын (X. Ес).

 

ІV. Cабақты меңгерту

113-  жаттығу

114-жаттығу Көшіріп жазу  талдау жасау

Шығармашылық жұмыс

Өзіндік жұмыс

  1. Сабақты қорытындылау.

Салалас түрлері

Жалғауларын ата

VІ. Үйге тапсырма беру. 115 -жаттығу        

  VІІ. Бағалау.