Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты  бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Қарсылықты  бағыныңқы сабақтас  туралы түсінік беру

2.Дамытушылық:  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

128- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

 

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы іске қарама-қарсы мәнде айтылады.

 

Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары шартты райдан кейін да/де жалғаулық шылауының тіркесуі арқылы (-са да, -се де), көмектес жалғаулы есімшеден (-ған + мен, -ген-мен), ша/ше жұрнақты есімшеден (-ған+ша, -ген+ше), шығыс жалғаулы болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түрінен (бармас+тан, қарамас + тан), тәуелді жалғаулы есімшеден кейін бол-маса деген шартты рай тұлғалы көмекші етістіктің (-ға-ны, -гені болмаса), көсемшеден кейін тұра деген көсемше тұлғалы көмекші етістіктің (айта тұра) тіркесуі арқылы жасалады.

 

Қарсылықты бағыныңқының сұраулары: қ а й т с е де? не етсе де? қайткенмен? не еткенмен? қайте түра? не ете тұра? қайткені болмаса? не еткені болмаса? қайтпестен? не етпестен? қайткенше? не етк е н ш е?

 

Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік (Т. Ахт.). Бұл менің туған жерім болса да, сырын сізден аз біледі екем. (Ғ. Мүст.)

ІV. Cабақты меңгерту

129-  жаттығу

130- жаттығу

  1. Сабақты қорытындылау

Өзіндік жұмыс

VІ. Үйге тапсырма беру. 131 -жаттығу        

  VІІ. Бағалау.