Бұйрықты сөйлем

161

 

  Сабақтың тақырыбы:       Бұйрықты сөйлем

    Сабақтың мақсаты: білімділік – Бұйрықты сөйлем туралы туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, меңгерілген теориялық материалдарды қайта жаңғырту,  Тапсырма түрлері арқылы оқушылардың коммуникативті және ақпаратты құзіреттіліктерін дамыту.

дамытушылық – өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру;

тәрбиелік –  оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,  адамгершілікке тәрбиелеу.Өзін-өзі басқра білуге дағдыландыру.

    Сабақтың түрі:Танымдылық

    Сабақтың әдісі:    ізденушілік, талдау.пікірлесу,зерделеу

Көрнекілік: тірек сызбалар,

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

    Сабақтың барысы:

Сабақ құрылымы:

-Ұйымдастыру кезеңі   2-минут

  1. Жылдар сөйлейді. (Үй тапсырмасын сұрау). 7-минут
  2. Жаңа сабақ-білімнің негізі. (Оқушы менмұғалімнің ынтымақтаса білімді меңгертуі. )Оқушы-7-минут. Мұғалім-10минут
  3. Жаңа сабақты бекіту.

Бейнелер сыры.

Тығырыққа тірелгенде.Ауызша.7-минут

  1. Оқулықпен жұмыс.28-жаттығу7-минут
  2. Үйге тапсырма.3-минут
  3. Оқушыларды бағалау.2-минут

    Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару

2.Оқушыларды түгендеу,сынып тазалығын назарда ұстау.

Үй тапсырмасын сұрау: Тапсырманың атауы:»Жылдар сөйлейді»

1938.1803.1894.1991.2011.

Мақсаты:

-:Оқушылардың  лепті,сұраулы,хабарлы сөйлем түрлері бойынша меңгерген білімдерін саралау.

-Оқушылардың көп тіл білетіндерін  байқау

-Пәнаралық байланысты нығайту.

Шарты:

-Оқушылар берілген жылдарға қарап сөйлемдер құрастыру.

-Сөйлемдердің  айтылу мақсатына қарай бөлінуін табу.

-Сөйлемдерді орыс,ағылшын тілдеріне аудару.

-Құрастырылған сөйлемдер тарих,әдебиет,жаратылыстану ғылымдарымен байланысты болуы қажет.

                                                Жаңа сабақ

Ерекшелігі:

Берілген сөйлемдердің мағыналарын ашу арқылы оқушылар бұйрықты сөйлемнің мәнін ашып айтады.

Тиімділігі:

-Оқушың коммуникативті құзіреттілігі дағдыланады.

-Өзін-өзі басқаруы артады.

 

1.Жүр,тез аяғыңды бас!

2.Бұны оған айтпа.

3Тыныш отыр!

4.Бізбен бірге жүрсеңші.

5.Дұшпанға тастай қатты бол,досңа балдай тәтті бол(мақал)

6.-Түндікті жауып,есікті түріп қойшы!

7.Жылай-жырлай өлгенде арттағыға сөз қалсын!

 

Оқушылар түйіні:

Бұйрықты сөйлемдер 2-жаққа не 3-жаққа  бұйыруды,іске қосуды,кеңес беруді,жалынуды,тілек-өтінішті білдіреді.

 

     Мұғалімнің қорытуы Тірек сызбалар арқылы оқушылар білімін нақтылап,ғылымиландыру керек.

 

 

3.Тыныс белгісі

Бұйрықты сөйлем бірде хабарлы сөйлемге жуық интонациямен,бірде лептік интонациямен айтылады.

-Соған байланысты леп белгісі не нүкте қойылады

Жаңа сабақты бекіту.

  1. Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын) Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру. Ауызша.

        Бетіңді  баспа             Есікті керме                       Беліңді   таянба

 

                     

  • Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
  • Неге есікті керме дейді?
  • Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
  • Неге сүтті төгуге болмайды?
  • Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу — жоқшылық)
  • Неге өтірік жылама дейді?
  • Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады — қайғы)

Ойланайық:    ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы

— Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?

— Жамандық.

— Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан,  бұл сөздер  тыйым сөздер деп аталады.

 

Оқулықпен жұмыс 28-жаттығу

  1. Жырды мәнерлеп оқу .Көшіріп жазу.
  2. Не істеуге бұйырып тұрғанын барыс септіктегі бірыңғай сөздермен жеткізу

.  Тыныс белгілерге назар аудару,қойылу себебін түсіндіру.

 

Ситуациялық жағдай: «Тығырыққа тірелгенде».Жауап бұйрықты сөйлем арқылы берілу керек.

 

  1. Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?
  2. Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 10-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?

3.Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының                  бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз…..

 

Семантикалық карта:

Мысалдар Хабарлы Сұраулы Лепті Бұйрықты
1 Жиналыс басталды ма   +    
2 Аспан шайдай ашық +      
3 Бұл – Байжанның талай келген үйі        
4 Сізде де арман бар ма екен        
5 Қане, жігіттер аттарыңды қамдаңдар        
6 Сонша малға жерді қайдан таппақсың        
7 Баяндамашыға сұрақ бар ма        
8 Түн жым-жырт        
9 Ойбай-ау,кеше мен осылай деп пе едім        
10 Келші, қалқам менің қасыма отыршы        
11 Қандай тамаша көл        
12 Балам , жөніңді айтшы        

 

 

Оқушыларды бағалау:

— Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды дәстүрлі бағалау жүйесімен бағалау.

Үйге тапсырма беру:

  1. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған жырларды жинастыру.
  2. Жыр құрамында бұйрықты сөйлемдер болуы керек.