Бақытсыз Жамал романы

64

 

Сабақ жоспары

Бекітемін: Қазақ орта мектеп — интернаты
Сабақ: қазақ әдебиеті Сынып: 11 «а» — сынып
Уақыты: Шаяхметова А.Е.
Сабақтың тақырыбы: Бақытсыз Жамал романы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ресурстар таратып беру өздері өздігінен сабақтың тақырыбын игеру, Бақытсыз Жамал романының идеясын ашу, сөздерін, ойлау, сөйлеу қабілетеерін арттыру
Ресурстар: Оқулық, А4 форматтағы материалдар  
Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, диалогтік оқыту, АКТ. Талантты және дарынды

 

Уақыты: Жұмыс түрі: Мұғалім әрекеті: Оқушы әрекеті:
 

08.00-08.05

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, психологиялық тренинг арқылы сабаққа қызығушылықтары артады
08.05-08.10 Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/

Мұғалім оқушыларға өткен тараулар  бойынша сұрақтар қояды Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады
08.10-08.15 Түсіндіру Балалар біз бүгін сіздермен Бақытсыз Жамал романымен оқып танысамыз. Сіздерге ресурстар беремін Оқушылар қолдарына қалам және қос парақ дайындап қояды, тақырыпты жазады
08.15-08.25 Зертттеу Балалар, сіздер қазір оқулықтан романды оқисыздар, оқи отыра жоспар құрып отырасыздар Оқушылар мұқият тыңдайды, романды оқиды, жоспарды топпен құрады
08.25-08.30 Талдау Сатылай кешенді талдау жасау Оқушылар дәптерлеріне сатылай кешенді талдау бойынша талдау жүргізеді
08.25-08.30 Қорғау Балалар өздерінің оқып,зерттеген дүниелерін ортаға шығып қорғауларын сұраймын Оқушылар топпен шығып, өздері орындаған жұмыстарының мазмұнын ашып, жалпы сыныпқа түсіндіреді
08.30-08.35 Қорытынды Әр топ бір-біріне сұрақтар қояды Оқушылар сұрақтарға жауап іздейді, жауап береді, бірінің ойын екіншісі толықтырып отырады
08.35-08.40 Үй тапсырмасын беру Бақытсыз Жамал мазмұндау. Жырдағы Жамал және Ғали бейнесіне талдау Күнделіктеріне жазып алады