Қазақтың ұлттық аспаптары

 

Сабақтың тақырыбы:  Қазақтың ұлттық аспаптары

   Сабақтың мақсаты: Қазақ  халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру. Ауызекі тілде сөйлету арқылы тіл байлығын дамыту,сөздік қорын кеңейту, өнерге қызығушылығын арттыру ,топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру,  халқымыздың ұлттық музыка аспаптарының құрылысын меңгере білу, адамгершілік, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу.

  Көрнекіліктер: Слайдтар, музыка аспаптары, бейнетаспа.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет,ән-күй  т.б.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі: (4минут)

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу

— Бүгін сыныпта кезекші кім?

— Сыныпта кім жоқ?

— Оқу құралдарын тексеру (оқулық,дәптер,қалам,сөздік дәптер)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (4 минут)

Жаңа сабақ.

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мен сіздерге мына бір әуенді тыңдатқым келіп тұр.(Күй ойналады)

-Балалар,мына әуенді неге тыңдадық?

-Мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?

Олай болса, біздің бүгінгі сабағымыз «Қазақтың ұлттық аспаптарына» арналады.

Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр. Музыкалық колледждің студенттері:Хакім,Нұртас.

Ұлттық аспаптардың түрлері туралы жалпы  мәлімет беру.

Біз бүгін домбыра, қобыз, жетіген ,сыбызғы аспаптары туралы сыр шертеміз.

Сөздікпен жұмыс (3мин)

Сөз тізбегі                                                                  Сөйлем тізбегі

Қос ішекті-двухструнный                              

тиек-деревянная подставка под сруны

аспап- инструмент         

перне-поперечные деления на срунных иструментах

 қыл- конский волос          асық-альчик

әуен- мелодия                  үйеңкі- клен                

емен- дуб                        ель-шырша

қарағай-сосна

   Мәтіндермен жұмыс

Домбыра (3 мин)

    Домбыра-қазақ халқының ертеден келе жатқан қос ішекті музыкалық аспабы. Қазақ өзінің тарихын,өмірін, сезімін домбыра арқылы жеткізген. Домбыраның шанақ,мойын,тиек,ішек,перне сияқты бөліктері бар. Домбыраны шырша,қарағай  т.б ағаштардан жасайды. Ал домбыраның ішегін, пернесін қойдың ішегінен жасаған. Домбырамен күй тартуға,әнді сүйемелдеуге болады.

Қобыз  (3 мин)

     Қобыз — ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады.

1.Мәтіндерді мұқият оқиды.

2.Қонақтар аспаптардың бөліктерімен таныстырып өтеді.

  1. Мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырады.

Сергіту сәті      «Қаражорға» биі (3 мин)

    Балалар енді жетіген,сыбызғы туралы  мына ақпараттарды тыңдайық!

Бейнетаспадан естіп, керекті жерлерін түртіп алып отырыңдар.

Жетіген (5 мин)

 

Жетіген
  1. «Ақпарат ағыны»

 

  1. «Жетіген» сөзін септе.

 

 

Сыбызғы (5 мин)

Сыбызғы
  1. «Ақпарат ағыны»

 

2.Берілген сөздерді құрамына қарай талдау.

Аспаптардың,қазақтарының.

   «Бетпе-бет» студиясы (интервью) (5 мин)

    Балалар, ұлттық аспаптар туралы ақпарат алдыңыздар. Енді бүгінгі  сабағымызға келген қонақтармен сұқбаттасатын уақыт та жетті. Олай болса,2 топ  кезектесіп қонақтарға өз сұрақтарың, айтар тілектерің болса айта қойыңдар.   

     Балалар, бүгінгі қонақтарымыз сендерге өздерінің тартуларын ала келіпті. Олай болса бәріміз бірге тыңдайық.(Қонақтар күй ойнайды) (4 мин)

Үй тапсырмасы:  Ақпарат жинау. (3 мин)

1 топ                            2 топ

                            Құрманғазы                          Қорқыт

   Бағалау: Топ басшылары  бағалайды.

Р/сАты-жөніҮй тапсырмасыСөздік жұмысыМәтін«Ақпарат ағыны»

Гр.тап.

«Бетпе-бет» студиясыҚорытынды
        
        

 

   Қорытынды:   «Бір айналым сөйлесім»  (3 мин)

                            1.Не білдің?

  1. Кімдерге рахмет айтқыларың келеді?