Қазақ тілі. О,туған тіл!

34

Тақырыбы: Қазақ тілі. О,туған тіл!

Сабақтың мақсаты:1.Оқушыларды сөздің құрылымын, әріптер мен дыбыстардың ерекшелігін ажыратуға үйрету;2.Сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; мәтін мазмұнын  түсініп оқуға үйрету;3.Адамгершілік, еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, іздену

Сабақтың көрнекіліктері:  мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІЖаңа сабақ:

ІІІ  Мақсат қою кезеңі Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

1.3-сыныпта өткенді қайталау,сөзге дыбыстық талдау жасау.Дәптерлерінен орындалғанын тексеремін.

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен  таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады.     Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір — біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

 Ү Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.Қазақ тілі мәтінін, Жақсы сөз жан азығы мәтінін түсініп оқу

.Тілді не үшін мұра етіп қалдырғысы келген?

Жақсы сөз,жаман сөз деген ұғымдарды түсіндір

ә) дәптермен жұмыс .Өзіндік жұмыс дәптері 3-бет

-Сөздегі дыбыс саны мен әріп санын жақша ішіне жазу.

-Суреттегі заттардың атын жазу,осы сөздерден сөйлем құрау.

Оқулықпен жұмыс.О,туған тіл! өлеңін оқу.

-Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?

Тілім барда еркіме кім таласар.

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып,сиқым қашар. Осы өлең жолдарын жатқа жаздыру.

Өлеңді оқушыларға мәнерлетіп оқыту, мәтіннен түсінгендерін сұрау.

Б)Тіл туралы мақал-мәтел жазу.

Сурет бойынша әңгіме құрау.

ҮІІ Қорытындылау  Балалар, бүгін біз не үйрендік?

ҮІІІ Үйге тапсырма: Мәтін мазмұнына дайындалу, өлеңді мәнерлеп оқу.