«Антонимдер»

207

 

Сабақтың тақырыбы: «Антонимдер»

 

 

Сабақтың мақсаты:

А ) білімдік мақсаты: Оқушыларға лексика тарауы, антонимдер жайында түсінік беру

 

Ә) Дамыту мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін,дүниетанымын, сөздік қорын дамыту

 

Б) Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға білім бере отырып, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, рухани — адамгершілік , имандылыққа шақыру,

жаман нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу

 

 

Сабақ барысы:

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Жорға» (жедел жауап)                                

                                                  

  1. Жаңа сабақ түсіндіру

« Антонимдер»

 

  • Жаңа сабақты бекіту

«Мақалды жалғастыр»                             « Кім жылдам?»                                   

 «Сөз өнері»

 

  1. Қорытынды
  2. Оқушыларды бағалау 2. Үй тапсырмасын беру

«Жорға» (жедел жауап)

  1. Бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыс.
  2. Дауысты дыбыс нешеу?
  3. Жазамыз және көреміз?
  4. Қазақ тілінде неше жалғау?
  5. Зат есімнің сұрақтары?
  6. «Ұзын» сөзінің антонимі?
  7. «Батыр» сөзінің синонимі?
  8. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын ереже?
  9. «Қой аузынан шөп алмас»
  10. «Қосаяқ» сөзінің жасалуы?
  11. Екпін қазақ тілінде қай буынға түседі?
  12. Екі-үш қандай қос сөз?
  13. Сөз құрамы неден тұрады?
  14. Омоним дегеніміз не?
  15. лексика нені қарастырады?
  16. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?
  17. Сөздің тура мағынасы деген не?
  18. Синонимдер дегеніміз не?
  19. Одағай сөздің түрлері?
  20. Сөздің көп мағынасы дегеніміз не?
  21. Хабарлы сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгі?
  22. Омоним мен көп мағыналы сөзді қалай ажыратамыз?
  23. Қосымшаның түрлері?

Жаңа сабақ тақырыбы: «Антонимдер»

 

Жақсы — жаман               

Сулы —  ………..

Қатты —  ………..

Ал —  …………

 

Болымды, болымсыздық мағыналар:

 

Жақсы — жақсы емес

Сулы — сусыз

Көңілді — көңілсіз

Ал — алма

 

Есте сақта!

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Терең көл —  ………

 

        Түн —   ………

 

            Жаз  —  ………

 

Күн  —  ……..

«Мақалды жалғастыр?»

Тапсырма: Мақал-мәтелдердегі айтылмай тұрған сөзді жалғастыр , ол қай сөзбен антонимдік мағына құрайды?

 

  • Арқанның ұзыны жақсы,

       Әңгіменің   ……  

  • Дұшпанға тастай қатты бол,

        …….    балдай тәтті бол.

  • Жолдасы жақсы жолды болар,

         Жолдасы  ……   

  • Ақыл — дос, ашу — ……..
  • Алыстағыны ақын болжар,

 …     …     …    

  • Ақымақ ішкен — жегенін айтады,

    …….     көрген — білгенін айтады.

  • Өз білмегеніңді кісіден сұра,

         Үлкен болмаса,   …     …  

  • Көп сөз — күміс.

         ……   сөз-алтын.

  • Қыс азығын    …     …   
  • Қыс арбаңды сайла,

        ……..   шанаңды сайла.

  • Дос жылатып айтар

…     …     … 

  • Жақсылық ағаш басында

…    …      …

 

№1  Тапсырма: Төмендегі сөздерді антоним, омоним, синоним тобына бөліп жазыңдар.

Қара, көк, аспан, айт, дем, ақ, бар, қол, тыныс, жоғары, жақсы, кіші, қашық, төмен, ақыр, алыс, көмек, кеш, кеңес, арық, нашар, жақын, қар, жаз, өр, қал, кісі, оқымысты.

 

Антоним             Омоним               Синоним

 

 

 

 

№2  Тапсырма:  Күз туралы антоним сөздер кездесетін өлең немесе шағын мәтін жазу.

«Кім жылдам?» (сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу)

 

Жақсы —   …                                     Ұзын —  …

Үлкен —   …                                       Арық —  …

Биік —   …                                         Қара —  …

Дос —   …                                          Ерте —  …

Ақылды —   …                                  Татулық —  …

Жоғары —   …                                 Қуану —  …

Асты —   …                                    Жылдам — …

Көп —   …                                       Кедей —   …

 

Қорытынды:  Оқушыларды бағалау

 

Үйге тапсырма:  96 – жаттығу