БАҒДАРЛАМА Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың факультатив курсы

291
БАҒДАРЛАМА
Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқытудың

факультатив курсы

 

Түсінік хат

Тілді тереңдетіп оқыту бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік тұжырым концепциясының басты бағыттарының біріне айналып отыр. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат бір сөзбен айтқанда — оқушылардың қазақша сөйлеу компетенттілігін қалыптастыру. Ал ол оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім барысында қалыптасады.                                                                                                                                             Тереңдетіп оқыту нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде  қойылған сұраққа жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Мұндай деңгейге жету үшін үлкен сөздік қор жинақтау, қазақ тілі грамматикалық категорияларын білумен қатар оқушылар қазақ тілін практикада қолдана алу дәрежесіне жетулері керек. Тереңдетіп оқыту көп ізденісті қажет етеді де, терең білім жолында шығармашылықпен барынша жұмыс істеуді талап етеді.

 

 

     Қазақ тілі пәнін тереңдетіп оқыту мақсаты:

  • оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отырып, дифференциалды түрде осы пәнді теориялық, әрі практикалық жағынан тереңдету, оқу материалын тиянақты игеруіне, алған білімді қолдана білуге үйрету;
  • тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларын меңгерту;
  • тілдік жағдаятқа сай қарым –қатынас жасауға дағдыландыру;
  • ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту
  • пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

 

Білімді дара тұлғаға бағдарлау (бейімдеу, дамыту, психологиялық

үйлесімділік, өмірлік қажеттілік);

  • Өздігінен білім алуға үйрету, шығармашылық жұмысын дамыту

Әрекетшілдік-бағдарлылық ұстанымы (әрекетке үйрету, оқу жағдаятындағы әрекеттен өмірлік жағдаяттық әрекетке көшу, оқу танымдық әрекеттен оқушының өзіндік әрекетіне көшу);

  • Алынған білімді бекіту және өзін-өзі бақылау;
  • Өздігінен білім алуға үйрету функциясы.

 

     Оқушыларға мынадай талаптар қойылады:

  • Тереңдетілген бағдарлама негізінде білім деңгейі сараланады
  • Оқушылар қосымша материалмен жұмыс істейді
  • Өтілген тақырыптар бойынша әңгіме жазады, ауызекі сөйлеуге жаттығады.
  • Шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді
  • Сөйлем талдаудың жолдарын меңгереді

 

     Күтілетін нәтиже:

     Курс соңында оқушылар өтілген материал шеңберінде ауызекі сөйлеу тілінде

сұхбаттаса алуы қажет, яғни  тілдік  қарым-қатынасқа  түсе алады.

Оқушыларға тіл туралы, оның қоғамдық маңызы мен адам өміріндегі мәні, рөлі

жайлы, танымдық қызметі жөнінде өзара сабақтас түсінік қалыптасады.

Мемлекеттік тілді меңгеруде қызығушылық танытады.

 

Бағдарламаны құрастырушы:

 

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі  Кудедаева Ш.Т. |kudedaeva61@mail.ru|

Оқу барысында меңгерілетін және қайталанатын тақырыптар:

І  Фонетика

Қазақ тіліне тән дыбыстар(ә,ө,і,ү,ұ,ғ,қ,ң,һ).Дауысты жіне дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстардың жіктелуі.Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы.

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. Дыбыс үндестігі.Буын үндестігіне

бағынбайтын қосымшалардың орфографиясы.Фонетикалық талдау.

Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. Фонетикалық диктанттар.

ІІ Морфология

Сөз таптары. Сөз таптары ұғымының ішкі мазмұны.

Зат есім.Тәуелдік жалғау.

Сын есім.Туынды сын есім.

Сан есім.Сан есім түрлері

Етістік.Етістіктің шақтары(өткен шақ, келер шақ, нақ осы шақ, ауыспалыосы шақ).

Тұйық етістіктің септелуі. Тұйық етістіктің жасалу емлесі.

Етістіктің райлары (ашық рай, шартты рай)

Етіс.Өздік етіс.Ырықсыз етіс.Ортақ етіс.

Үстеу. Күшейткіш үстеу.

Шылаулар (септеулік, жалғаулық,демеулік ). Шылаудың қолдану ерекшеліктері

ІІІ Синтаксис. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар.

Сөз тіркесі.

Жай сөйлем.Жай сөйлем түрлері.Сұраулы сөйлем. Лепті сөйлем.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері және

олардың сөйлемнің қызметін атқаруын ұғындыру.

Құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары.

Біріккен сөздер,кіріккен сөздер (емлесі).Қос сөздер.Күрделі сөздер.

Кірме сөздер. Термин сөздер.Тіркесті сөздер.

Этнолингвистикалық атаулар.

Лексикалық ұғымдар мен оларды меңгерту. Оқушы тілінде байқалатын

лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдары.

Талдаудың түрлері. Грамматикалық терминдер.

         Пунктуацияны меңгерту. Пунктуация және мәнерлеп оқу, интонация.

         Орфографиялық дағдыларды қалыптастыруда орфографиялық сөздіктерді

қолдану.

Курс бағдарламасы бойынша терминдер, кірме сөздер, жалпы халықтық

қолданыстағы сөздер қамтылады.

 

Әдістері:

сұрақ –жауап,сөйлесу,қайталау, талдау,аудару, әңгімелеу, іздендіру, жобалау

әдісі (ойын, саяхат-сабақ түрі, ситуативті жағдай туғызу), шығармашылық

жұмыс, проблемалық оқыту, өзін-өзі тексеру, қорыту.

Мақал-мәтелдер жаттайды, жұмбақтар, сөзжұмбақтар шешеді,

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі» оқулығы, 7 сынып, авторлары:Т.Артықова, Г. Ермекбаева-

Алматы «Атамұра», 2012

  1. Қазақ тілі грамматикасы, Ж.Б.Жеткізген –«Алматыкітап»,2007
  2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. –А. Санат, 1995
  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті» әдістемелік журналы 2010  № 1, 2
  4. «Қазақ тілі.Оқимыз.Жаттығамыз» Біліми–танымдық журнал, 2012 № 1, 2
  5. Қазақ тілі (флипчарт- сабақтар) диск1, авторы: Мырзағалиева Ж.С.

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қауымдастығы» корпоративтік қоры,2011

  1. «Самоучитель казахского языка для учащихся и студентов»,Т.Шанбай,

К.Байгабулова- Алматы, «Аруна», 2010

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Факультатив курсының бағдарламасы

(Аптасына- 1 сағат, жылына- 34 сағат)

 

І модуль:   Қазақ  тілі – мемлекеттік тіл.

       Қазақ тілін үйренейік.

 

 

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Ауыспалы осы шақ. Сан есім түрлері. Тұйық етістіктің емлесі.  

2

 

Тақырып мазмұны  Ана тілі,мемлекеттік тіл,мемлекеттік тілдің маңыздылығы,қазақ тілі сабағында,сөздіктің түрлері.
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Берілген сұрақтарға жауап береді, қатысымға түседі. Өз ана тілі қай тіл екенін, өзінің отбасы, туыстары қай тілде сөйлейтінін әңгімелеп береді.Жалпы отбасы туралы мәлімет жасайды (өз отбасы мүшелерінің фотосуреттерін пайдаланады).

Сөздіктер не үшін керек, сабақта қандай сөздіктермен жұмыс жасайтындықтары туралы айтады. Грамматикалық тапсырмаларды орындайды.

 

 
 

Жазылым

«Мемлекеттік тіл» тақырыбына әңгіме құру.Құрастырылған сөйлемдердегі етістіктер ауыспалы осы шақта болуы шарт.  
Лексикалық минимум 19 сөз  
Модуль бойынша қорытынды Шығарма 1
Күтілетін нәтиже Мемлекеттік тілдің маңыздылығы туралы қысқаша айтады, қазақша сөздік қорын молайту жайлы сұхбат құра алады.Грамматикалық тақырыпты меңгеріп, сөйлемдерде қолданады.Шығарма жазады.  

 

(№16 флипчарт- сабақты қолдану)

 

 

 

 

ІІ модуль:   Менің отбасы мүшелерім.

                            Тәрбие отбасынан басталады.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Сұраулы сөйлем.Құрмалас сөйлем.Шылаулар  

2

Тақырып мазмұны  Отбасы, отбасы мүшелерінің атаулары,олардың отбасындағы орны мен міндеттері,мінездің ұнамды белгілері
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Отбасы туралы сұхбатқа қатысады, қысқа сюжеттік монолог құрады.

«Мені әңгімеле» ─отбасы мүшелері мінездерінің ұнамды белгілерін сипаттайды, өзіне ұнамайтын белгілерді айтады. Отбасындағы тәрбие туралы мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды.

«Туыстық атаулар» атты кластер жасайды.

Грамматикалық тақырыпқа сәйкес жаттығулар орындайды.Құрмалас сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін

белгілейді.

 
Жазылым «Менің отбасым» тақырыбына қысқа әңгіме жазады.

 

 
Лексикалық минимум 23 сөз  
Модуль бойынша қорытынды «Брейн –ринг» ойыны 1
 

Күтілетін нәтиже

Отбасы туралы айталады (тұратын жері, отбасы мүшелерінің мінезі, жұмыс орны, қызығушылығы, отбасындағы дәстүрлер), туыстық атауларды біледі, өзі туралы әңгімелейді.  

 

ІІІ модуль:   Тұрмыстағы мәдениет.

                 Сыйлықтар.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Біріккен сөздердің жасалу жолдары, емлесі.

Лепті сөйлем. Тұйық етістіктің септелуі.

 

3

Тақырып мазмұны  Тұрмыстағы мәдениет, оның негізгі шарттары.

Сыйлықтар. Сыйлық берілетін қуаныштар.

 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Тұрмыстағы мәдениет деген не,  ережелері туралы әңгімелейді, өз ойларын білдіреді, тілдерін дамытады.

Сыйлықты қай кезде береді, баланың сыйлығы қандай болады екені туралы мәтінді оқып,сыйлық сыйлау этикетін меңгереді,диалог құрады.

«Дұрыс-бұрыс» (балалар сыйлығы туралы)

Сөйлемдерде тұйық етістіктің астын сызып,жалғауын анықтайды.Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік түріне айналдырады.

 
Жазылым Бір мереке күніне құттықтау тілектерін лепті сөйлемдерді пайдалана отырып жазады.

Сыйлықты қабылдауға байланысты ұсыныстарын жазады.

 

 
Лексикалық минимум 18 сөз  
Модуль бойынша қорытынды Шығармашылық  тапсырма: Тұрмыстық мәдениет жайлы  қабырға газетін шығару (тыйым салатын ескертулер дайындау, коллаж жасау) 1
Күтілетін нәтиже Тұрмыстық мәдениеттерін жетілдіреді, қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтайтын болады.

Сыйлық берілетін қуаныштар жайлы диалог құрады, құттықтау тілектерін білдіре алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV модуль:   Ұлттық тағам.

                 Тамақтану мәдениеті.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Күрделі сөздер. Септеулік шылау.

Этнолингвистикалық атаулар.

 

2

Тақырып мазмұны  Еттен жасалатын тағамдар, нан тағамдары, сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар.Тамақтану мәдениеті.

Дастарқан жасау.

 

 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Тағамдар түрлерін меңгереді, сонымен қатар қазақ халқының дәстүрлері туралы білімдерін кеңейтеді, қосымша мәліметтер тауып әңгімелейді, сұхбаттасады.

Дұрыс тамақтану режимі, дастарқан жасау  ережелерін тірек-сызба негізінде  айтып береді.

Еттен жасалатын тағамдар, нан тағамдары, сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар туралы слайд көрсету.

«Дастарқан жасау» ситуативті жағдай туғызу, дастарқан қалай жасалу керектігін көрсетіп айту-асханада көрсетуге болады.

Грамматикалық тапсырмалар тақырыпқа сәйкес орындалады.  Күрделі сөздер туралы ертегі айтылып, сөзжұмбақ шешіледі.

Этнолингвистикалық атаулардың мағынасымен танысады.

 
Жазылым Қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау ретін (рецепт) жазады.

Ас-тағамға қатысты мақалдарды тауып жазады.

 
Лексикалық минимум 20 сөз  
Тіл дамыту сабағы Мазмұндама жазу 1
Модуль бойынша қорытынды Ұлттық тағам (өз таңдауы бойынша) туралы  реферат жазады немесе презентация жасайды (Power Point)  
Күтілетін нәтиже Қазақ халқының дәстүрлері туралы білімдері кеңейеді,

ұлттық тағамдар жөнінде сұхбат құра алады,  дайындау ретін сұрай алады.Сыйлы қонаққа берілетін тағамдарды және тамаққа байланысты ырымдарды естеріне сақтайды.

 

 

(№ 7 флипчарт- сабақты қолдану)

 

 

 

 

 

V модуль:   Киім.  Ұлттық киім.

                

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Етістіктің райлары (ашық, шартты).Рай жұрнақтарының жазылуы.Тұйық етістік.  

2

Тақырып мазмұны Киім кию туралы.Киім түрлері.

Ұлттық киім.

 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Киім кию туралы берілген диалогтарды толықтырып, өзара сөйлеседі.Мектеп оқушысы киіміне сипаттама береді.Ұлттық киім түрлері жайлы әңгіме құрады,

атауларын есте сақтайды, айтып береді.

«Ұлттық мұражайға» сырттай саяхат жасау(«Астана қаласы» деректі фильмнен үзінді).

Ситуативті жағдай –«Киім дүкенінде» сатушымен диалог құру ( өтініш айту, киім таңдау, саудаласу)

Етістіктің райларын ажыратады, тұйық етістікті шартты, ашық райларға қойып, жасалу жолдарын түсіндіреді.

 
Жазылым Киімдерге қатысты тыйымдарды, өзіне ұнайтын мәліметтерді дәптерге жазып алады.

 

 
Лексикалық минимум 21 сөз  
Модуль бойынша қорытынды Ұлттық киім туралы  мәліметтер жинап, реферат жазады немесе тұсаукесер жасайды (Power Point) 1
Күтілетін нәтиже Аталған лексикалық тақырыпқа сәйкес түрлі қарым- қатынасқа түседі, ұлттық киім атауларын айтып бере алады, қай жерде не кию керек екенін қысқаша айтады.

Қазақ халқы мен орыс халқының киімдерге қатысты тыйымдарын салыстып, ұқсастығы мен айырмашылығын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ модуль:   Музыка әлемінде.

                 Сиқырлы саз сырлары.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Кірме сөздер.Өздік етіс. Буын үндестігіне бағынбайтын

қосымшалардың орфографиясы.

 
Тақырып мазмұны Сұлу, әдемі музыка. Қазақ халқының музыкалық аспаптары.Қазақ сазгерлері. 2
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Музыкаға байланысты аңызбен мәтін арқылы танысады, өз пікірлерін айтады. Қазақ халқының музыкалық аспаптары және қазақ сазгерлері жөнінде жаңа мәліметтер алады, сұхбаттасады. Қысқа мазмұнды  монолог құрады.

«Қазақ халқының музыкалық аспаптары»  атты слайдтарды көрсету,сұхбаттасу.Қазақ әндерінің бейнеклиптерін тамашалау, 1-2 ән үйрету.

«Ақсақ құлан» мульфильмін тамашалау, домбыра туралы аңызбен таныстыру.

Грамматикалық тапсырмалар орындайды.

 
Жазылым Қазақ халқының музыкалық аспаптары туралы (1 түрі) шағын әңгіме жазады.  
Лексикалық минимум 23 сөз  
Модуль бойынша қорытынды Қазақ халқының музыкалық аспаптарын сипаттап, альбом жасайды.

Қазақ сазгерлері туралы қысқаша баяндама дайындайды.

1
Күтілетін нәтиже Ұлттық аспаптарға байланысты сұхбатқа қатысады, аспаптар атауларын біледі, қазақ сазгерлері туралы мәліметтерді түсініп қысқаша айтады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІ модуль:   Менің әуес ісім.

                

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Термин сөздер. Ырықсыз етіс. Еріндік дауыстылардың орфоэпиясы.  
Тақырып мазмұны  Менің әуесі ісім – кітап оқу (сурет салу, ән айту, фотоға түсіру, киім тігу т.б.) 2
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Лексикалық тақырыпқа бейімделген түрлі мәтіндер мен тапсырмаларды түсініп орындайды. Шығармашылық тапсырмаларды өз бетінше орындайды (өз сүйікті ісі туралы шығарма, тұсаукесер жасайды), түрлі ақпараттарды пайдаланады.Ән айтып, би дайындауға болады.Сурет көрмесін(қолөнер: тоқу, кесте тігу, түрлі материалдан жасаған бұйымдар) ұйымдастыру

Грамматикалық тапсырмаларды тақырыпқа сәйкес орындайды.

 
Жазылым Шығарма жазады  
Лексикалық минимум 17 сөз  
Модуль бойынша қорытынды «Менің әуес ісім» тақырыбына тұсаукесер  жасайды (Power Point) 1
Күтілетін нәтиже Толық өздік жұмыс орындайды.Әуес ісімен бос уақытында айналысатыны немесе арнайы уақыт бөлетіні туралы айта алады, шағын мәтін құрады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІІІ модуль:   Спорт түрлері.

                 Қазақстанның белгілі спортшылары.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Тіркесті сөздер. Реттік сан есім. Ортақ етіс.

Спорт терминдерінің емлесі.

 
Тақырып мазмұны Спорт түрлері. Қазақстанның белгілі спортшылары. 2
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Спорт түрлері туралы мәтіндерді түсініп оқиды, мазмұнын қысқаша айтады, спорт терминдерімен танысып, сөйлемдерде қолданады.Ұлттық спорт түрлерін меңгереді, диалог құру арқылы білімдерін пысықтайды.

Қазақстанның белгілі спортшылары туралы қосымша материал жинайды, альбом жасайды (топпен жұмыс).

«Азиада 2011» — кластер жасайды, таныс спорт түрі туралы әңгімелеп береді.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында плакаттар

жазады.

Тақырыпқа сәйкес түрлі жаттығулар орындайды.Етістерге талдау жасайды.

 
Жазылым Дене шынықтыру сабағында қандай спорт түрлерімен айналысатындару туралы шағын шығарма жазады.

Спорт терминдерін пайдаланып сөз тіркестерін құрады.

 
Лексикалық минимум 24 сөз  
Модуль бойынша қорытынды Өз мектебіндегі спорттық жетістіктер туралы және мектеп спортшылары туралы ақпарат жинап, қысқаша баяндама жасау  

1

Күтілетін нәтиже Спорт түрлерін біледі, ол туралы сұхбаттаса алады, қай спорт түрімен шұғылданатынын әңгімелейді, мектептегі спорт өмірі жайлы айта алады, спорт терминдерін қолданады.  

 

(№ 6 флипчарт- сабақты қолдану)

 

 

 

 

 

 

 

IХ модуль: Ұлттық ойындар 

                

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Қос сөздер.  
Тақырып мазмұны  Ұлттық ойын түрлері. 2
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Слайдтар арқылы ұлттық ойын түрлерімен танысады, білімдерін кеңейтеді.

«Бес тас», «Тақия лақтыру», «Сақина тастау» сияқты  ойындарын ойнау.Қорытындылау: ойындар несімен ұнады? Несімен ұнамады?

«Білгенге маржан» қос сөздерді тауып, астын сызады.

Сан есімдерді қолданады.

 
Жазылым  Ұлттық ойындар туралы диалог құрап жазады.  
Лексикалық минимум 22 сөз  
Тіл дамыту сабағы «Мақта қыз бен мысық» ертегі бойынша шағын сахналық қойылым  дайындап көрсету (қуыршақ театры) 1
Модуль бойынша қорытынды Ұлттық ойындар туралы  мәліметтер жинап, реферат жазады немесе тұсаукесер жасайды (Power Point)  
Күтілетін нәтиже Ұлттық ойындардың  түрін үйреніп ойнайды, олар жайлы диалогқа қатысады  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х модуль:   Денсаулық зор байлық.

                 Денсаулықты сақтау.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып  Топтау сан есімдер.Демеулік шылаулар  
Тақырып мазмұны  Денсаулық. Ұйқының пайдасы.тісті күту.Емханада. Салауатты өмір салты. 2
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Тақырыпқа бейімделген мәтіндерді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды, керекті ақпаратты (ұйқының пайдасы, тісті күту) сұрақ – жауап арқылы есте сақтайды. Салауатты өмір салтын қалай түсінетінін, денсаулықты қалай сақтау керек екенін әңгімелейді, диалог құрады− топтық жұмыс орындайды.

«Емханада» − дәрігердің қабылдауында (ситуативтік жағдай) диалог

Демеуліктерді сөйлемдерде пайдаланады.

Сан есімдерді қолданады.Деңгейлік тапсырмалар орындайды.

 
Жазылым Берілген тірек сөздер бойынша адамға пайдалы заттар туралы мәтін құрап жазады.  
Лексикалық минимум 25 сөз  
Тіл дамыту сабағы Рөлдік ойын. «Емханада», «Дәріханада», «Дәрігерде»  (өмірлік жағдаяттар жасау) 1
Модуль бойынша қорытынды Тест сұрақтары  
Күтілетін нәтиже Емхана, дәріханада сұхбат жүргізу үшін қажетті тілдік материалды, лексикалық минимумды біледі, мақсатына сәйкес қарапайым қарым- қатынасқа түсе алады.  

 

(№ 10 флипчарт- сабақты қолдану)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Х модуль:   Жаз.

                 Менің жазғы демалысым.

Бөлімдері Оқыту мазмұны Сағат саны
Грамматикалық тақырып Туынды сын есім. Күшейткіш үстеулер.Тәуелдік жалғау.

Етістіктің өткен шағы.

 

2

Тақырып мазмұны Жаз.Жазғы саяхат.Менің жазғы демалысым.Жазғы демалысты жоспарлау.
 

 

Тыңдалым

Оқылым

Айтылым

 

Коммуникативтік құзырет:

Сюжетті диалог, қысқа мәтін тыңдау және оқу арқылы түсініп,грамматикалық тапсырмаларды орындайды, мәтін тақырыбын анықтайды.Берілген сұрақтар бойынша жұпта диалог құрады.Өздері жазғы демалысты кіммен өткізетінін, қандай жоспар құрғанын  айтып береді, күшейткіш үстеулерді қолданады.

«Қарлы кесек» ойыны

«Менің атым Қожа» фильмнен жазғы демалыс туралы үзіндіні көрсету, сұхбаттасу.

 
Жазылым «Менің жазғы демалысым» атты шағын әңгіме жазады  
Лексикалық минимум 19 сөз  
Тіл дамыту сабағы «Жаз мезгілі – демалысқа қолайлы кез»

Мазмұндама жазу.

 
Модуль бойынша қорытынды  «Жазғы демалыс жоспары»

Коллаж дайындау.

 

«Бақытты сәт» ─ қорытынды ойын

 

 

1

Күтілетін нәтиже Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді, өз ойларын жеткізе алады.