ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНЕН ҰЛТТЫҚ

БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН

КЕДЕРГІЛЕР ЖӘНЕ ОДАН ШЫҒУДЫҢ ТИІМДІ

ЖОЛДАРЫ

КІРІСПЕ

 

 

Елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры –

ұстаздың қолында.

Н.Ә. Назарбаев.

 

 

ХХІ  ғасырда білімі дамымаған елдің тығырыққа тірелері  сөзсіз делінген  Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауында.

Білім  ордасында толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген  баладан, яғни оқушыдан болашақта жақсы  маман, білімді азамат  шығары анық. Себебі, біз өмір сүріп отырған  ХХІ ғасыр жан- жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің  ісіні әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанының әлеуметтік – экономикалық жағынан дамуына үлесін қоса алатын азамат тәрбиелеуді талап етіп отыр.

«Ел боламын десең —  бесігіңді түзе» — деп заманымыздың заңғар жазушысы  М. Әуезов айтқандай, ел болашағы  жасөспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне  тікелей байланысты. Егемен еліміздің  тірегі- білімді ұрпақ. Баламен тіл табысып, оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға- ұстаз. Ұлы Абай атамыз айтқандай, білімімен  теңессе  ғана ұлттар теңесе алады.

Қазақстан Республикасының  әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты  білім  беру саласына қойылып отырған заман талабы- шығармашылықпен жұмыс істей алатын, қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру.

 

 

 

 

ӘКІМОВА  ГҮЛЧЕХРА  КӘРІМҚЫЗЫ

 

Ғани Мұратбаев атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әкімова Гүлчехра өз пәнін жетік меңгерген озық тәжірибелі маман.Ол оқу тәжірбие үрдісінде бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы биік талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқытуды білім беру және тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді мақсат тұтқан мұғалім.

Мұғалімнің «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлттық біріңғай тестілеуге даярлаулда кездесетін кедергілер және одан шығудың тиімді жолдары» атты іс-тәжірибесі мұғалімдердің тамыз маслихатында мақұлданып,аудан көлемінде таратылды.

Озық тәжірбиелі мұғалім сапалы білім,саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі үшін бірнеше рет аудандық білім бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған.

Мұғалім қазіргі таңда іс-тәжірибесі мен шәкірттеріне деген сүйіспеншілігін біріктіру арқылы жаңа дәуірдің жаңа талабына сай шығармашылықпен жұмыс жасауда.

 

Қазақ тілі пәнінің ҰБТ-ға енгізілуі — тіл мәртебесін көтеретін факторлардың бірі, мемелекеттік тілді қолдану мен дамытуды жүзеге  асырудың  сара жолы

Елімізде  білім  берудің   сапасын  арттыру  мен сапалы  білім  беру  жүйесін  құру  мақсатында республикамызда  ұлттық  бірыңғай  тестілеу (ҰБТ) енгізілгеніне  де  бірнеше  жыл  болды. Ұлттық  бірыңғай  тестілеу   (ҰБТ) – жаңа  технологияға  негізделген  мектеп  бітірушілерді  қорытынды  мемлкеттік  аттестациялау  және  жоғарғы  оқу  орнына  түсу  емтихандарын  қоса  атқаратын  білім  сапасын  бағалаудың  ерекше  жүйесі  екені  баршамызға  белгілі.

Қазір  ғылым мен  техниканың  дамыған  кезінде , алдымызда  отырған  шәкірттер  білімді  терең  қажет  етеді. Олар  бізден  көп  нәрсені  талап  етеді.  Біз  бір  пәнге  дайындалғанда  олар  5 – 6  пәнге  дайындалады. Тақта  мен  бор  ғана  тұратын  сабақтар  оларға  қызықты  емес. Заман  талабынан  артта  қалмай  оқушы  алдында  барлық  жақтан  хабарың,  өз  біліміңді  олардың  бойына  бере  алатындай  болуымыз  керек.

ҰБТ – ке  даярлауда  менің  көп  ізденуімнің  қажет  екенін  түсіндім . Оқушылармен  әрдайым  бірлікте  отырып, жаңа  тақырыпты  меңгеру,  әрбір  өтілген тақырыпты  тест  сұрақтарымен байланыстыру, негізгі  қажетті  деген  сөздерді  түрлендіре  отырып,  сұрақтар  қойдырта  білу,  әрбір  сұраққа  дұрыс  жауап  бере  білуге, дұрыс  жауапты  есте  сақтап  қалуға  үйрету  негізгі  міндетім  болды.

 

Негізгі  міндеттер:

 

1  Қазақ  тілінің  салалары  бойынша  жоспар  құру.

І бөлім  :  фонетика.

ІІ бөлім :   лексика

ІІІ  бөлім: морфология

ІҮ бөлім :  синтаксис

Ү  бөлім :   пунктуация

 

2.Әр  салаға  байланысты  тақырып  бойынша  түсіндіру  жұмыстары.

  1. Оқулық бойынша  тапсырманың  нақты  орындалуы.
  2. Әрбір сала бойынша  тест  сұрақтарын  ұйымдастыру.
  3. Тест сұрақтары  арқылы  оқушының қай  тақырыпты дұрыс  меңгере алмағандығын  анықтау.
  4. Мониторинг бойынша  қорытынды  шығарып  отыру.

Мысалы,  фонетика  саласында:

1 – сабақта : Қазақ  тіліндегі  алфавиттік  жүйе , дауысты , дауыссыз  дыбыстар  түрлерін  өткенде  өзім  түсіндіріп өтемін.

2  – сабақта : Осы  өтілген  тақырып  бойынша  жаттығу жұмыстары .

 

Сөйлем  ішіндегі сөздерге, дыбыстарғафонетикалық  талдау.

 

Сөзашыққысаңжуанжіңішкееріндікезулікқатаңұяңүнді
жігітііітж,г
тағдыраа,ыа,ытғ,др

 

3 – сабақта  тест  жұмыстары

  1. Сұрақ – жауап ұйымдастыру.

 

Әр  тақырыпқа  арналған  тесттер  бойынша «Ең қиын  сұрақ»  деген  сәт  кезінде  әрбір оқушы  өзіне  қиын  сұрақты  айтады. Мүмкін  ол  сұрақ  бір  оқушыға  қиын болғанымен , екінші  оқушыға  оңай болуы  мүмкін. «Мен»  деп  жауап  берген  қушыға  тақтаға  сол  сұрақты  жазып ,  дәлелдеп  түсіндіріп  беруін  айтамыз. Солай  ол  кемшілікті  жоямыз. Оқушының

әрбір  жазған  тест  жұмыстарынан  кейін , анализ  жасалып,білім  сапасы , үлгерім  сапасы ,  орта  балы  есепке  алынып  отырады.  Бұл  оқушылардың  алға  қарай  жылжуына  негізгі  жол  болмақ.

Мектеп  бітіруші  түлектің  алдында бір  ғана  мақсат  қоятынын  білеміз.   Ол  оқу  грантын  жеңіп  алу.   Осы  мақсаттың  орындалуы  үшін « не  істеу  керек?»  деген  сауал  туындайды.  Ол  үшін  ҰБТ  тапсыруда  кездесетін  негізгі  кедергілерді  жоюға  жұмыс  жасау  керек  деп  ойлаймын.

  1. Ең бастысы  бала  біліміндегі  олқылықтарды  жою. Ол  олқылықтар  қайдан  пайда  болады ? Ол  баршамызға  аян, мектеп  қабырғасында  білім  алып  жатқан  баланың  әр  сыныпта  меңгермеген  оқу  материалдары  11 – сыныптың  соңында  олқылыққа  айналады.
  2. Психологиялық кедергі. Белгілі бір  тексерудің,  емтиханның  алдында  әр  адамға  қорқыныш  сезімі,  үрейі  басым  болады. Мұндай  бала  білгенін  ұмытады. Бұл  әрине, ҰБТ-да  көп  ұпай  жинауына  үлкен  кедергі  жасайды.
  3. Зейін қою, мұқият болу. Тапсырмаларға  жауап  бергенде  немесе  белгілегенде  сұрақты  толық  оқымай  жатып  дұрыс  жауапты  іздеу , қателікке  апарын  ұрындырады. Сондықтан  әр  сұрақты  зер  сала  отырып  ,  түсініп  оқығаны  дұрыс.
  4. 4. Уақытты ұтымды пайдалана  білу.
  5. Техникалық ақау. Жауап парағындағы  шеңберді  немқұрайды  бояйды. Жауап парағы  мен  тест  кітапшасымен  жұмыс  жасай  білмейді.
  6. Оқушының әлеуметтік жағдайы . Бұған  ата – ана  тікелей  жауапты.  Отбасындағы  түрлі  стресс  тудыратын  жағдайлар баланың  ұйқысының  дұрыс  қанбауы , кейбір  аурулардың  тест  алдында  сыр  беруі  кедергі  жасайды.
  7. Кәсіби біліктілігі жоғары , жауапкершілігі  жоғары ,  білімді , шебер , тәжірибелі  маманның  аздығы  балаға  білім  беруде  басты  кедергі  болмақ .

Енді  қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәні  бойынша  айтар  болсақ  лбасы «Қазақ  тілі – мәдениеттің  бір   бөлігі  ретінде  барлық қазақстандықтарды біріктірудің  қосымша  құралы  болуға  тиіс.

Ол  барлық  ұлттар мен  ұлыстарға  қазақ  халқының  мәдениетін,  дәстүрін, әдет – ғұрпын,  тұрмыс – тіршілігін  танып  білудің  негізі  болып  табылады»  деген.  Қазақ  тілі  пәнінің  ҰБТ -ға  енгізілуі — тіл  мәртебесін  көтеретін  факторлардың  бірі,  мемлекеттік  тілді  қолдану  мен  дамытуды  жүзеге  асырудың  сара  жолы.

Ал  халқымыздың  сөздік  қоры, тіл  байлығы  әдебиетімізден  көрінеді. Тіл  білімнің  әрбір  сала, тақырып  бөліміне  дейін  іздене  отырып, тест  құрап, сол  тестті  меңгергеннен  кейін  жалпы  тақырыптық  тест  шешіп  отыру – оқушы  білімін көтерудің  бір  жолы.

Өз  тәжірибемде  оқушылардың  тест  орындау  жолдарын  төрт  түрлі  жолмен  аламын.

  1. Өзін — өзі бақылау.
  2. Өзін — өзі тексеру.
  3. Жылдамдыққа , шапшаңдыққа үйрету.
  4. Сынақ тест.

Өз  тәжірибеме  сүйене  отырып, қазақ  тілі  пәнінен  ҰБТ – ға  даярлауда  болатын  мынадай  кедергілерді  айтқым  келеді.

  1. Тіл білімінің  әр  түрлі  саласындағы  белгілі  бір  тақырыптарды  нашар  білуі.  (бұл  орта  буында  кеткен  кемшіліктер).
  2. Оқушылардың сөздік  қорының  аздығы. ( синонимін, омонимін  таба  алмай  жатады).
  3. Сөз төркінін  терең  түсінбеуі.
  4. Оқу техникасының  темендігі. (ондай  оқушылар  сұрақты  қате , баяу  оқиды). Осындай  кедергілерді  көрсете  келіп, оқушылардың  көп  қате  жіберетін  және қиын  деген  тақырыптарын  қарастырайық:
  5. Диалект сөз  бен  кәсіби  сөзді  шатастыру.
  6. Сұраулық шылаулар  мен  болымсыз  етістік  жұрнағын  ажырата  алмауы.
  7. Қабысу мен  жанасуды  ажырата  алмау .
  8. Құрмалас сөйлем  түрлерін  шатастыру.
  9. Сөз тіркесі мен  күрделі  сөздерді  ұқсас  деп  ойлау.
  10. Есімдіктің тәуелденуі,  септелуі, жіктелуі.
  11. Тұрақты сөз  тіркесінің  мағынасын  аша  алмау.
  12. Дыбыс үндестігі.
  13. Орфография мен  орпоэпия  нормаларын  сақтамауы.

(сөздің  айтылуы  бойынша  жазылуын  таба  алмай  жатады,

себебі  қазіргі  жастар  орфография  бойынша  сөйлейді)

 

 

Таңдау  пәні  ретінде  кейбір  оқушылар  қазақ  әдебиеті  пәнін  таңдайды. Бұл  пәнді қандай  оқушы  таңдайды?

 

  1. Қазақ тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімі  болғысы  келетін;
  2. Тілші мамандығын  алғысы  келетін  оқушы;
  3. Театр, әртістікке баратын  оқушы.

 

Қарап  отырсақ,осы  пәнді  дарынды  оқушылар  таңдайды  екен. Ол  оқушы  орфография  мен  орфоэпия  заңдылығын  терең  меңгерген, сауатты,  шешен  тілді, қаламы  қарымды, әртістік  шеберлігі  жоғары  болу  керек.

Осындай  оқушыны  қазақ  әдебиеті  пәнінен  даярлап, жоғары  нәтижеге  жеткізу шебер   мұғалімнің  қолынан және  еңбекқор, талантты оқушының қолынан келеді демекпін.  Осындай оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен тест сауаттылығына үйрету мақсатында төмендегідей жұмыстарды өз тәжірибемнен ұсынбақпын.Ұлттық біріңғай тестілеуде биіктікке жету тәсілдері:

1)    Пайдалануға тиіс оқулықтар, қосымша оқулықтар.

2)  Сол оқулықтарда кеткен(баспадан не басқа жағдайда) қателіктерді талдау.

3) Жаңа оқулықтағы жаңалық , өзгеріс, оны бұрынғымен салыстыра оқыту.(1-сыныптан қалыптасып қалған дағдылы ережені еске түсіріп, оның жаңа заңдылықтарын  түсіндіру).

4)  Тіл білімдерінің әр саласына енетін объектілерді анықтау.

5) Фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік, пунктуациялық талдаулар жасау.

6)     Кешенді талдау жасату.

7)     Өз ойын поэзия, проза, тіпті сахна тілінде жетік білуге ұштау, дайындау.

8)     Даталы    күндерге  шығарма жаздырып орындату.

9)      Мәнерлеп оқудың  технологиясын  үйрету

10)   Әдебиетте де мәтіндік  талдау  табиғатын  білдіру

 

  • Әр жанр табиғаты, мәтін тақырыбы, компазициясы.
  • Эпилог, пролог, монолог, даму, шиеленісу, шарықтау шегі.
  • Кешенді әр түрлі тұлғада, тарихи, әдеби, мәдени, психологиялық,, проблемалық талдауды үйрету.

Бірыңғай  ұлттық тестілеуде қазақ әдебиеті пәнінен берілетін сұрақтардың мазмұнындағы үлкен кемшілік – ғылыми мәнінің жоқтығында, себебі әдебиет пәнін оқытудың түпкі мұраты сөз өнерінің мәнін, маңызын түсіндіру, оқушылардың бойында эстетикалық байлығын қалыптастыру, ақын – жазушыларымыздың шығармаларының халықтық сипатын ашу.

 

Мысалы, тестілеуде мынадай сұрақтар жиі кездеседі:

  • Ш.Уалихановтың туған жері.
  • М. Өтемісұлының туған жері.
  • «Қартқожа» романының шыққан жылын көрсет.

Осындай сұрақтардан гөрі әдеби туындының ерекшелігін талдауға қызмет ететін сұрақ болса, әдебиет пәнінен тест тапсырмасының маңызы мен саласын арттырып, түпкі мұратына қол жеткізу мүмкін болар еді. Бұл турасында З.Қабдоловтың мына пікірі шешуші рөль атқарады деп ойлаймын:

«… шығарма  талдар  болсаңыз, ондағы  көркемдік  мәселесі  ешқашан  назардан  тыс  қалмауы  керек, көркемдік  сайып  келгенде  тілге  тіреледі. Ал  тіл – жазушылық  шеберлігін   тексерудің  бірден – бір  құралы,  тіпті  технологиясы  екені  даусыз».

ҰБТ – ға  даярлауда  мұғалімнің  орны ең  басты  назарда  тұруы  қажет . Әр  мұғалім  әрдайым  жаңалықты  бастаушы  ретінде  әрекет  жасауы  тиіс.  Оқытудың  әр  түрлі  технологиясы  жасалып,  мектеп  өміріне  енгізілгені  бәрімізге  белгілі. Сондықтан  да  мұғалімнің  өзі  жаңа  технологиямен  үздіксіз  жұмыс  жасайтын,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  орны  ерекше  адам . Енді  өз  тәжірбиемнен   қазақ  әдебиеті  пәнінен  тапсырма  түрін  көрсете  кетейін.

Берілген  тірек  сөздерді  сәйкестендір:

1)   Қаратаудың  ойы,  Қаратаудың  бойы, «Шағым», «Асауға  тұсау», «Асау  тұлпар».

  1. Жамбыл өлеңі
  2. Кендебай қай  жерде  мекен  еткен.
  3. М. Әуезовтың аудармалары.
  4. С. Сейфулиннің туындысы.

Оқушы  тірек  сөздерін  сәйкестендірді.  Есте  сақтауына  ерекше  мән  берді.

2 – сынақ  тест:

Мұғалім  тек  сұрақты  оқыды. Оқушы  жауабын  жазып  үлгеруі  керек.  Уақыт шектеулі. Оқушыны  шапшаңдыққа  үйрету.

 

Мысалы,  қазақ  тілі  . Лексика

 

  1. Сөз мағынасын  зерттейтін  тіл  білім  саласы _______________  лексика.
  2. Көп мағыналы  сөздің  терминдік  атауы…………….. полисемия
  3. Мұрап сөзінің  мағынасы……………….Егін  суаратын  адам.
  4. Атыз сөзінің  синонимі …………….                  Арық
  5. Сараң сөзінің  антонимі …………………….          Жомарт

 

Тест  алынып  болғаннан  кейін  қатемен  жұмыс  бірден  жүргізіледі , ортақ  талдаулар , түзету  жұмыстары  жүргізіледі.

Қорыта  келгенде  ұстаздар  қауымының  алдында  тұрған  ең  үлкен  жауапкершілік-мемлекетті, ғылымды, өнеркәсіпті,өндірісті  нағыз  басқаратын жастар  қазір  біздің   алдымызда  екенін,  соларға  өз  дәрежесінде  білім  беру, тәлім-тәрбие беру, біліктілігін  арттыру, санасын  тәрбиелеу,   болашаққа  жол  салу  біздің  қолымызда  тұрғанын сезіну үшін тек  ерінбей  еңбек  ету, іздену, шығармашылықпен  жұмыс  жасау  деп  түсінемін. Мен  өзім  еңбек  еткен  тәжірибемде  біршама  жемісті  еңбектерім  бар  деп  түсінемін.Оның  айғағы-ҰБТ кезінде  оқушыларымның  білімінің жоғарғы  деңгейде  болуы, мемлекеттік  грант  иегері  болуы, әр  түрлі  байқауларға  қатысып, алдыңғы  қатардан  көрінді.

 

ҰБТ-ге дайындық курсының мақсаты:

 

— Оқушылардың оқу қабілетін, білім, таным ерекшелігін арттыру.

— Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау.

— Өз жетістіктерін өздеріне талдатып, өзіндік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру.

— Жаңашыл ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу.

— Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.

— Шығармашылығын, ізденісін арттыру.

— Тақырыптың ғылыми негізділігін қалыптастыру.

— Тақырып бойынша тестпен жұмыс жүргізу әрекетін жетілдіру.

— Психологиялық дайындық.

 

Міндеттері:

 

— Оқып үйренген тақырыпты меңгеріп, есте сақтау қабілетін дамыту.

— Ой-өрісін, белсенділігін, қызығушылығын, шығармашылық

ізденісін ояту.

— Тақырыпты оқытудың жаңа технологиясына негіздеп жоспарлау.

— Тақырыпқа ынта қоюға, оның мақсатын, мазмұнын, болашағын

түсініп, іс жүзіне асыра білуге дағдыландыру.

 

Күтілетін нәтиже:

 

-Оқушылар тақырыпты қайталау, пысықтау арқылы білімін

жетілдіреді.

 

-Тест тапсыруда психологиялық тұрғыдан өзін-өзі жан-жақты

дайындайды.

 

— Қиын сәттерден өзі жол тауып шығуға қалыптасады.

— Ана тілі мен әдебиетін құрметтеп, оны дамытуға үлесін қосады.

 

Ұлттық Бірыңғай Тестке даярлық курсының бағдарламасы.

1 Фонетика

 

Қ/сӨтілетін тақырыптарСабақ түріс/с
1Тіл дыбыстары.

Қазақ әліпбиі

лекция1
2Дауысты дыбыстардың түрлері.интеграция2
3Дауыссыз дыбыстардың түрлері.семинар2
4Буынның түрлеріБілімді тексеру2
5Тасымаллекция1
6Үндестік заңыІзденіс2
7Орфография мен орфоэпияСеминар2
8Екпіннің түрлеріЛекция2

2.Лексика

1Сөз бен мағынаСеминар1
2Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.Сайыс2
3Көп мағыналы сөздерПікірсайыс2
4ОмонимдерСаяхат2
5СинонимдерСеминар2
6АнтонимдерБілімді тексеру1
7ЭвфемизмЛекция1
8Тұрақты тіркестерДебат2
9Мақал-мәтелдерПікірсайыс1
10Көнерген сөздерЛекция1
11Диалект сөздерлекция1
12Кәсіби сөздерСеминар1
13Термин сөздерЛекция1

3.Сөзжасам

1Түбір мен қосымшаСайыс2
2Дара сөздер мен күрделі сөздерСаяхат1
3Біріккен сөздерІзденіс1
4Қос сөздерЛекция1
5Тіркесті сөздерлекция1
4.  Морфология
1.Зат есімдердің жасалу жолдары.Қорыту2
1.Деректі және дерексіз зат есідерІзденіс2
2.Сын есімдерЛекция1
3.Сын есімдердің жасалу жолдарыЛекция1
4.Сапалық және қатыстық сын есімЖарыс1
5.Сын есімнің шырайлары.Білімді тексеру2
6.Сын есімдердің түрлері.Семинар2
7.Есімдіктердің түрлеріҰжымдық2
8.Етістіктің түрлеріЛекция2
9.Сабақты және салт етістікІзденіс2
10.Етістің түрлері.Саяхат2
11.ЕсімшеЛекция1
12.КөсемшеЛекция1
13.Тұйық етістікСеминар1
14.Үстеудің түрлеріҚорыту2
2.Еліктеу сөздерДебат2
15.ОдағайҚорыту1
16.Көмекші есімдерСеминар1
17.Көмекші етістіктерЛекция1
18.Шылаудың түрлері.саяхат2
5.Синтаксис
1.Күрделі сөздерЛекция1
2.Тұрақты тіркестерСеминар1
3.Сөздердің байланысу тәсілдеріІзденіс1
4.Сөздердің байланысу түрлеріЛекция1
5.Сөз тіркесі білдіретін синтаксистік қатынастарІзденіс2
6.Сөйлемнің түрлеріСеминар2
7.Сөйлем мүшелеріСайыс2
8.БастауышСаяхат2
9.БаяндауышЛекция2
10.ТолықтауышСеминар2
11.АнықтауышІзденіс2
12.ПысықтауышҚорытынды2
13.Айқындауыш мүшелерБіліді бекіту2
14.Бірыңғай мүшелерЛекция1
15.Оқшау сөздерЛекция1
16.Жай сөйлемнің түрлеріСеминар1
17.Атаулы сөйлемЛекция2
18.Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлеріЛекция1
19.Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріІзденіс2
20.Аралас құрмалас сөйлемІзденіс2
21.Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілеріБілімді тексеру2
22.Төл сөз бен төлеу сөзЛекция1
23.Төл сөз бен автор сөзЛекция1
6. Пунктуация
1Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілеріЛекция1
2Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілеріЛекция1
7. Стилистика
1Ауызекі сөйлеу стиліСеминар1
2Көркем әдебиет стиліІзденіс1
3Публицистикалық стильШығармашылық1
4Ресми іс қағаздар стиліІзденіс1
5Ғылыми стильізденіс1

 

Жоғарыда аталған сөзімнің нақты айғағы ретінде ҰБТ-ке дайындық

курсының бірнеше сабақ  үлгісін ұсынамын.