Сын есім шырайлары.

103

Сын есім шырайлары.

 

Заттың белгілері бізді қоршаған дүниеде бірде анық, бірде күңгірт, бәсең, енді бірде бір-бірінен салыстырыла аңғарылып жатады. Заттың түрлі белгілерінің арасын анықтап, неғұрлым дәл көрсету мақсатында тілде түрлі қосымшалар қолданылады.

Зат белгілерінің әр түрлілігін, бір-бірінен артық-кемдігін білдіретін сын есім формалары шырай деп аталады.Қазақ тілінде шырайдың төрт түрі бар.

Шырайдың түрлері

  1. Салыстырмалы шырай — зат белгілерінің артың-кем-дігін бір-бірімен салыстыруаркылы аныңтайтыншырай түрі.

Салыстырмалы шырайдың жасалу жолдары 1) -ырақ, -ірек, -рақ, -рек: қаттырақ, жақсырақ, басымырақ, қызылырақ   т.б.

2)  -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: жасылдау, қызылдау, аласалау, ұзындау т.б.

3) -қыд -ғыд -қылт, -ғылт: сарғылт, дымқыл, бозғылтт.

4)  -шыд -шіл: көкшіл, ақшыл т.б.

  1. Кушейтпелі шырай — зат белгілерібаска зат белгілерімен салыстырғанда өте артык немесе өте кем екендігің анықтайтын шырай түрі.

Күшейтпелі шырай негізгі сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады: жап-жасыл қап-қара, ап-аласа, боп-боз, аппақ т.б.

  1. Асырмалы шырай — зат белгілерін басқа заттардан тым көтеріп немесе тым төмендетіп көрсететін шырай түр:

тым жақсы, өте қызыл, ең әдемі, аса биік т.б.

 

1.Берілген сын есімдердің қай шырайға кіретіндігін анықта.

 

Биік,ауырырақ,сап-сары,үп-үлкен,үлкендеу,қызыл,ақшыл,көгілір,сап-сары,жап-жарық,сарғыш,ақылды,жылылау,өнімді.