Осы шақ

49
  1. Осы шақ

 

Іс-әрекет, қимылдың сөйлеп тұрған кезде өтіп жатқанын білдіретін етістік шағының түрін осы шақ деп атайды.

Осы шақ жасалуы мен мағынасына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ деп бөлінеді.

1) Нақ осы шақ деп қимылдың дәл сөйлеп тұрған кезге сәйкес келуін айтамыз.

Нақ осы шақ дара осы шақ және күрделі осы шақ деп бөлінеді.

Дара нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерімен жасалады. Қазақ тілінде отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктерін күй-қалып (кейде қалып) етістіктері деп атайды. Аталған төрт етісттк адамның ең негізгі қимылдарын көрсетеді, яғни іс иесі не отырады, не жатады, не тұрады, не жүреді. Бұл- олардың мағыналық ерекшелтктері, отыр, тұр, жатыр, жүр етістіктері грамматикалық жағынан да басқа етістіктерден өзгешеленеді. Күй-қалып етістіктеріне жіктік жалғаудың жалғануы есім сөздерге ұқсайды. Жіктік жалғау түбірден кейін бірден жалғанады. Мысалы: оқушы+мын (зат есім+жіктік жалғау), отыр+мын (күй-қалып етістігі+жіктік жалғау). Отыр, тұр, жатыр, жүр күй-қалып етістіктері жеке тұрғанда негізгі етістік болып, жіктік жалғау тікелей жалғанып, дара нақ осы шақ жасайды.

 

жақ жекеше көпше
I Мен отырмын (жүрмін, тұрмын, жатырмын) Біз отырмыз (жүрміз, тұрмыз, жатырмыз)
II Сен отырсың (жүрсің, тұрсың, жатырсың) Сіз отырсыз (жүрсіз, тұрсыз, жатырсыз) Сендер отырсыңцар (жүрсіңдер, түрсыңдар, жатырсыңдар) Сіздер отырсыздар (жүрсіздер, тұрсыздар, жатырсыздар)
III Ол отыр

(жүр, түр, жатыр)

Олар отыр

(жүр, түр, жатыр)

 

Күрделі нақ осы шақта негізгі етістік -ып, -іп, -п жұрнақтарымен келіп, отыр, тұр, жүр, жатыр  етістіктері көмекші етістік қызметінде жіктеліп жұмсалады.

жекеше көпше
Мен оқып жатырмын Біз оқып жатырмыз
Сен оқып жатырсың Сіз оқып жатырсыз Сендер оқып жатырсындар Сіздер оқып жатырсыздар
Ол оқып жатыр Олар оқып жатыр

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаКелер шақ
Келесі жазбаӨткен шақ