Тіл дыбыстары

31

Тіл дыбыстары

 

 

Сабақтың мақсаты:  Тіл дыбыстары туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы жапы түсінік беру.

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:

алынған білімді  есте сақтауға  дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін, нақты, дәлелді сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың  тәрбиелік мақсаты:

Орындаталатын тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға дағдыландыру. Өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:  түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: 230-жаттығу. Берілген шартын  толық орындау.

ІІІ.Жаңа сабақ:  Тіл дыбыстары дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауыш сыныпта өткендеріңді естеріңе түсіріңдерші.

Оқушылардан күтілетін жауап: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар т.б.

 

Сөздік жұмыс (дәптерге жазғызу)

Фонетика гректің «фоне» деген сөзі негізінде қолданысқа енген. Фоненің мағынасы -дыбыс, үн, дауыс. Фонетика-тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін  сала.

 

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақты түсіндіру

Мына сөздерге назар аудартып, сөздердің қандай өзгеріске ұшырап тұрғанын айтқызу:

Бас, тас, жас, қас, нас

Ескек, кек, ек

Қал- лақ, түс- сүт, кел- лек

Интерактивті тақта арқылы   кестелерді пайдалана отырып, оқушылармен бірге  жаңа сабақты меңгеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл дыбыстары  кестедегі сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынына назар аударту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс

235-жаттығуды ауызша  шарты бойынша орындау.

 

Тапсырма: Адасқан әріптерді орнына қой. Кім жылдам?

і, м, б, л, і                                   ш, о, б, а, л, қ, а

к, р, е, м, т, е, е                          с, ұ, з, а, т

к, т, е, м, е, т, е                           а, л, а, д

 

ІҮ.Бекіту. Метаграмманы мәнерлеп оқып, көшіріп  жаз.

Оңға қарай оқысаң да- бір халық.

Солға қарай оқысаң да –бір халық.

Бір буыным-құс,

Бір буыным-түс

(қазақ,қаз,ақ)

 

Ү.Рефлексия

Кестені толтыру

Не білемін? Не білдім? Нені білгім келеді?

 

ҮІ. Үй тапсырмасын  тексеру:  1. Бір буынды сөздердің  дауысты, дауыссыз дыбыстарын өзгертіп, жаңа сөздер құраңдар:

ат, тал, сой, ақ, ес, ін, ұл, күн, қақ, жаз.

2.Метаграммалар жазу

ҮІІ.Жұптар бір-бірін бағалайды.

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚазақ әліпбиі
Келесі жазбаКірме сөздер