Дауысты дыбыстар

51

Дауысты дыбыстар

 

 

Сабақтың мақсаты:  дауысты  дыбыстар туралы түсінік беру.

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:  дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың  тәрбиелік мақсаты:  оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  білік пен дағдыны қалыптастыру .

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушылармен амандасып,  түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру:

  1. 239-жаттығуды шарты бойынша орындау

2.Басқа тілдердегі  әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)

 

ІІІ.Жаңа сабақ:

  1. топ Бастауыш сыныпта алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай кестені толтыру

2 топ. Бастауыш сыныпта  алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтен- баева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова  «Оқушы анықтамасы»  қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай  кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.

 

Тапсырма: 1 топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың  есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру

Үлгі:     Әлия —   ә -дауысты дыбыс, жіңішке

  1. топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.

Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан

 

Тапсырма:

1топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

2 топ:  «Жарлық»  сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

Тапсырма:  2 топқа да

Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.

Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.

ІҮ.Бекіту.  Сұрақтарға жауап беру

1.Фонетика дегеніміз не?

2.Монофтонг дыбыстар қандай?

3.Дифтонг дыбыстарды ата

4.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?

5.Дауысты дыбыстардың саны қанша?

Ү. Үй тапсырмасы: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын  өлең шумақтарын жазып келу.

ҮІ. Бағалау: топ басшылары бағалайды