Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

62

Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі

 

 

Сабақтың білімділік мақсаты:

бұрынғы өтілген  материалдармен сабақты байланыстыру,сөз жасау,  сөйлемдерді дұрыс құру тәсілдерін меңгерту, дауыссыз дыбыстардан алған білімдерін шыңдау;

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:  түрлі әдістерді  пайдалана отырып оқушылардың  тапқырлық,жылдамдық, есте сақтау қабілет терін арттыру,сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазуға дағдыландыру;

Сабақтың  тәрбиелік мақсаты:

Орындаталатын тапсырмалар мен жаттығулар арқылы  жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, тіл құдіретін  сезіне білуге, сөз мағынасын келістіре отырып, оларды дұрыс  қолданып, дәл түсінуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау, жаттығу орындау,  ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқулық, қосымша әдебиеттер, энциклопедия, анықтағыштар.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру: Оқулықтағы 104- беттегі тапсырмаларды шарты бойынша орындау. Дауысты дыбыстардың жіктелуін сұрақ қою арқылы қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ: өздігінен білім алу. Ол үшін оқушылар оқулық, қосымша әдебиет, энциклопедия, анықтағыш материалдар мен  бастауышта алған білімдерін ұштастырып  кластер толтырады.

 

Тапсырма: 261- жаттығуды шарты бойынша орындау.Абай Құнанбаев жөнінде білімдерін  еске түсіру.

Тапсырма: Семантикалық картамен жұмыс. Әр оқушыға таратылады.

 

Сөз Дауы-сты жуан жіңішке ашық қысаң Ерін-дік езулік дауыссыз Қа-таң ұяң үнді
О + + + +
Т               + +    
а + +   +     +        
н               +     +

 

Тапсырма: 265-жаттығу. Төмендегі  берілген жұмбақтардың шешуі болатын дыбыстарға  сипаттама беріңдер.

Тапсырма:  Ақыл, кітап, ойлы, ауыл  сөздеріне фонетикалық талдау жасау.

Тапсырма: Тек қана бір дауыссыздан басталатын  сөздерден сөйлем құрастыр.

Үлгі: Жанат жазда жаяу жылдам жүреді. Біз-бақытты баламыз.

Бекіту: Венн диаграммасын толтыру

ҮІ. Үй тапсырмасы. 273- жаттығуды шарты бойынша орындау. Тақырып бойынша сөзжұмбақ,  ребус құрастыру.

 

ҮІІ.Бағалау. 

 

Оқушының аты-жөні өзін-өзі бағалау Сынып бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға