Буын түрлері

153

Буын түрлері

Сабақтың мақсаты: Буын түрлері туралы білімдерін кеңейту.Буынға тән негізгі белгілерді ажырата алу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық  мақсаты: Буын түрлерін ажыртау дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Ана тілін құрметтеуге,адамгершілікке тәрбиелу.

Сабақтың түрі: жаңа

Сабақтың әдісі: сөз,дәлелдеу,  талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.

Сабақтың ұйымдастыру формасы: жеке-дара, жұппен, топпен.

 

Сабақтың   барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Жаңа достар» әңгімесінен  бір, екі, үш, ең көп буынды сөздерді теріп жазып келу.

 

ІІІ. Жаңа сабақ: Өткен тақырыпты қайталау сұрақ жауап әдісі арқылы.

а/буын дегеніміз не?

ә/ қандай дыбыстар буын құрайды? т.б.

  1. Интербелсенді тақтамен жұмыс: тақтада презентация арқылы Буын түрлерін ажыратып, жаңа сабақты өздігімен  меңгеруге жағдай туғызамын.

Мына мысалдардың қайсысы ашық, бітеу, тұйық буын екендігін, не себепті олай екенін дәлелдетіп, ереже шығару.

 

 

 

 

 

  1. 304- жаттығу орындау. Ауызша. Мәтіндегі ұлағатты сөздердің мәнін түсініп оқыңдар.

      Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар,содан қашпақ керек: әуелі надандық,    екіншісі-еріншектік, үшіншісі зұлымдық. 

                                                                     (Абай)

Сөйлемдегі әр сөздің құрамындағы буындардың түрлерін ажыратыңдар.

Айбар- тек тұйық   буынды сөздерді, Аспандияр — ашық буынды сөздерді, Ақгүл- бітеу буынды сөздерді тауып жазады.

  1. Адасқан буындарды тауып, сөздер құрастыру:

Ға, тық, ба, кар, қы, ұ, қа, тан, дос, лет, шақ,тор, сұл, та, пыш, рыш.

(Ғарыш, достық, балет, ұшақ, сұлтан, пышқы, торқа, карта)

  1. «Ғарыш» сөзіне фонологиялық және математикалық талдау жасау

 

 

ІҮ.Бекіту

 

1.305- жаттығуды орындау.   Жазбаша. Сөйлемдердегі сөздерді буын түріне байланысты бағандарға бөліп жазу. Дәптерде және интербелсенді тақтада орындайды.

 

Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын Аралас буынды
А-на ең шарт А-дам,

ал-ды-мен

 

Мәтінен басқа тілден енген сөздерді табу: мектеп, әдебиет

Ү. Бақылау:Тест.

ҮІ. Рефлексия: Доп лақтыру стратегиясы. Доп лақтырып тұрып,  бір-біріне тақырып бойынша  сұрақ  қою Мысалы:

Буынның неше түрі бар? /3/

Төл дыбыстардың саны қанша? /9/

Дауысты дыбыстардың саны қанша /12/ т.б.

ҮІІ. Бағалау: Топ басшысы бағалайды.

ҮІІІ.Үй тапсырмасы: Ереже. 302 –жаттығу.  С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.