Үндестік заңы. Буын үндестігі

87

Үндестік заңы. Буын үндестігі

Сабақтың мақсаты: Сингорманизм заңының қазақ тілінің ерекшелігі екендігін, сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып келетіндігі туралы түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық  мақсаты:

оқушылардың ой-қабілетіне әсер ету арқылы оқушыларды  өздігінен жұмысқа баулу, сөйлеу шеберліктерін, тіл байлықтарын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: оқушыны білімділікке, ойлылыққа жетектеу, пәнге  қызығу-шылығын арттыру, туған тілін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сөз, дәлелдеу,  талдау, іздендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, қазақ әдебиеті оқулығы.

 

Сабақтың   барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі: сәттілік тілеу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ереже.

302 –жаттығу.  С.Бегалиннің «Бала Шоқан» әңгімесінен тек ашық, тұйық, бітеу буынды сөздер теріп жазып келу.

ІІІ.Жаңа сабақ:

Кесте арқылы жаңа сабақты меңгерту. Екі бағандағы сөздердің жазылуы мен  айтылуын- дағы ерекшеліктер мен өзгерістерге назар аудартып, оқушыларға  тұжырым  жасату.

 

адамдар адамдер
үйлер үйлар
әкесі әкесы
жазда жазта
міндеттер міндетдер

 

 Оқулықтағы ережеге назар аударту.

Сөзді  бастан-аяқ  біркелкі  әуезбен  айтуды  үндестік заңы  деп  айтамыз.

 

 

 

 

 

Сөздік жұмыс: Сингорманизм (грек. «бірге үндесу,үйлесу») – сөз ішіндегі дауыстылардың бірыңғай жуан, бірыңғай жіңішке болып  үндесуі.

Тақырып бойынша оқушылардың оқулықтан, қосымша әдебиеттер арқылы ізденіс, талдау жұмыстары жүргізіледі. Сызба, кесте арқылы оқушылардың ізденістері тыңдалады, талданады.

Мұғалім оқушы ізденістеріне қорытынды жасап, толықтырады.

 

Жаттығу жұмыстары.

314-жаттығу. Шарты бойынша орындау

 

Жуан буынды сөздер Жіңішке буынды сөздер Аралас буынды сөздер

 

317-жаттығу. Шарты бойынша орындау. Мәтінді рөлге бөліп, мәнерлеп оқу. Мәтіннен буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздерді теріп жазу, себебін дәлелдеу.

Тапсырма. Интербелсенді тақта арқылы орындалады. Сөздердегі қосымшалардың адасқан дыбыстарын қою:

 

 

 

Тапсырма: Білімді, оқушылар, өнерпаз сөздеріне фонологиялық сатылай кешенді талдау жасау.

                              Өнерпаз

 

                       1.аралас буынды сөз.

  1. Ө      —       нер — паз

 

а.б.                  б.б.

3.Бір жағдайда  тасымалданады

өнер-

паз

4.Екпін — паз буынындағы — а дауысты

дыбысына  түседі

  1. Өнерпаз (     )

ІҮ.Бекіту: Төмендегі сөздерге сингорманизм заңына  бағынбайтын қосымшаларды жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Сән, бал, саясат, өнер, арба, ем, жұмыс, әке, есім, қала, жол.

Ү.Үйге тапсырма: 320, 323, 324-жаттығулар.

2 сөзге фонологиялық талдау жасау.

ҮІ.Бағалау