Әдеби тілдің лексикалық нормалары

1456

Сабақтың тақырыбы:                  Әдеби тілдің лексикалық нормалары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тіліміздегі сөздердің лексикалық нормасы жайлы, әдеби нормаға жататын сөздер мен жатпайтын сөздер жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушылардың сөздердің мағыналарын, жасалу жолдарын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, ойын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, талдау, дәптермен жұмыс, ойтолғау

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

 

Тіліміздегі сөздердің жасалу аясы бірдей емес. Олардың көпшілігі әдебиетте жиі қолданылады, ал көпшілігі қолданудан шығып қалған.

Лексикалық нормаға жатпайтын сөздер:

  1. диалектизмдер
  2. дөрекі, былапыт, жаргон сөздер
  3. қазақ тілінде баламасы бар термин сөздер

 

Кез-келген термин сөздердің баламасы бола бермейді.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту жаттығулары

 

4-жаттығу                             Ауызша

Берілген сөздердің жасалу жолдарын түсіндіру, лексикалық нормаға жататын, жатпайтынын анықтау

 

Үлгі:

Қоғамдық мал – тіркесу арқылы

Совхоз, колхоз —  қысқару арқылы

Руль – кірме сөз  т.б.

 

 

5-жаттығу                   Дәптермен жұмыс

  1. Синонимдерін табу

 

Етегін баспа- кедергі келтірме

Жолын қу – ізін бас

Бетін қақпа – қарсы келме

Белін бу – күш бер, көмектес

Тірілерге санама – бар-жоғы бірдей

 

 

  1. Лексикалық нормаға жататын-жатпайтынын анықтау

 

 

6-жаттығу

  1. Мәтінді оқу
  2. Мағынасын ажырату
  3. Сөз екпінін түсіру

 

Ой толғау

 

«Шалқыған Арал теңізі неге тартылды?»

 

ІҮ. Қорытынды

Ү.Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:           6-жаттығу 2-бөлім