Зат есімнің жіктелуі

549

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі

Сабақтың мақсаты:                     

Білімділік: Зат есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, зат есімнің жіктелуі, оның өзіндік ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Халықтық мұраларды, ауыз әдебиетін, салт-дәстүрді құрметтеп, бағалай білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушының сөздік қорын молайту, тілін дамыту, сөз бен сөзді дұрыс байланыстыра білуге машықтандыру

Сабақтың типі:                              Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:              Түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап, ауызша тіл дамыту

 

 

                                   Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге септік жалғауларын қайталауға және 45-жаттығуды орындап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын дәптерлерінен тексеріп шығамын.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Зат есім жіктеледі.

Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеледі.

 

Жекеше                                                         Көпше

І. –мын, -мін, (-бын,                                    І. –быз,-біз, -пыз, -піз

-бін, -пын, -пін)                                            -мыз, -міз

ІІ. –сың, -сің                                                 ІІ. –сыңдар, -сіңдер

-сыз, -сіз                                                        -сыздар, -сіздер

ІІІ.   —                                                             ІІІ.  –

 

Көркем әдебиетте нәрселер, жан-жануарлар адам қасиеттерін білдіру үшін ауыспалы мағынада қолданылып, жіктеледі.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

1-тарсырма

Зат есімдердің жіктелетін, жіктелмейтінін анықтау

Жіктелетіндерін жіктеп көрсету

 

47-жаттығу    Көшіріп жазып, жіктік жалғауларының астын сызу

Мен – Арғын деген арыспын,

Азуы кере қарыспын.

Сен – бұзау терісі шөнтіксің,

Мен — өгіз терісі талыспын.

 

48-жаттығу

  1. Түсініп оқу
  2. Қарамен жазылған сөздерге талдау жасау

 

Үлгі:   Сырмақ – з.е., а.с., текеметтер – з.е., к.ж., сұлтан – з.е., а.с., тайжүзген –з.е.,а.с., саба – з.е.,а.с., піспектің – з.е.,і.с., т.б.

 

2-тапсырма                Ойлан, ізден, тап!

— көптік жалғау жалғанбайтын сөз бола ма?

— Тәуелдік жалғауы қандай сөзден соң түсіп қалып айтылады?

— Септік жалғаулары бір-бірінен қалай ажыратылады?

— Ілік септік жалғауы қай жалғаудағы қай сөз табымен байланысып келетінін байқадыңдар?

 

 

3-тапсырма

Төмендегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса

 

Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

 

Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың  да бір тірілдім қайта өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

                                               Жіктік жалғаулы зат есімі бар жұмбақтар тауып жазу