Сын есімнің емлесі

Сабақтың тақырыбы:                             Сын есімнің емлесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдету, сын есмінің емлесі жайлы білім қалыпатастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арықылы оқушыларды тиянақтылыққа, әсемдікке, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, жазу сауаттылығын дамыту

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, ойын, шығармашылық жұмыс, морфологиялық талдау, ауызша тіл дамыту

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақ

Сын есімдердің емлесі

  1. Қосарлану арқылы жасалған сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады:

жақсы-жаман, үлкен-кіші, ұзынды-қысқалы, балалы-шағалы

 

  1. Күшейткіш буын арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис арықылы (-) жазылады:

Жап-жасыл, сап-сары, т.б.

  1. Тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) бөлек жазылады: қызыл сары, ақшыл көк, қара торы, ұзын бойлы, т.б.
  2. Күшейткіш үстеу арқылы жасалған күшейтпелі шырайлар бөлек жазылады:

өте әдемі, нағыз жігіт, тым ұзын, т.б.

 

ІҮ . Жаңа сабақты бекіту

70-жаттығу                Сөз тіркесін құрау

 

Ең тамаша жан, тым әлсіз жәндік, тіпті қысқа жіп, сап-сары алма, қап-қатты құрт, орасан зор корабль, ап-аласа өсімдік, әп-ідемі қыз, кіп-кішкентай бала

 

73-жаттығу                Шығармашылық жұмыс

Тірек сөздерді пайдаланып, «Өте зейінді оқушы» деген тақырыпқа шығарма жазу

 

Ойын «Сөз» ойыны

Үш бала шығады.

1-оқушы  -сын есім

2-оқушы – салыстырмалы шырау

3-оқушы – күшейтпелі шырай

 

74-жаттығу

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау, сын есімдерді тауып, түріне ажырату

 

            Абай жайлаудағы ең әнші, өнерлі жастарды жиып отыр.

75-жаттығу

  1. Мәтінді оқу

Аққозының суретін ауызша талдау

Күрделі сын есімдерді атау

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу
  2. 76-жаттығу