Сан есімнің түрленуі

114

Сабақтың тақырыбы:                             Сан есімнің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сан есімдер туралы 6-сыныпта алған білімдерін тереңдету, сан есімдердің түрлену ерекшеліктері жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу жұмыстары арқылы жинақылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту, сан есімдерді түрлеріне қарай ажырата білу дағдыларын жетілдіру

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқу, талдау

 

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Сан есім – сандық ұғымды білдіреді.

 

  1. Заттың санын білдіреді (қанша? Неше?)
  2. санның атауын (не?)

 

Сан есімнің түрленуі біркелкі емес.

  • Есептік, реттік сан есімдер заттық ұғымда септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын қабылдай алады.

 

  • Есептік сан есім сандық ұғымды білдіргенде, түрленбейді.

Заттық ұғымда түрленеді.

 

Тоқсанымыз жиылып,

Тоқты сойған батырмыз.

 

  • Жинақтық сан есімнің заттық қасиеті болғандықтан, түрлендіруші қосымшаларды қабылдай береді.

 

  • Бөлшектік сан есімдер септеледі, бірақ көптелмейді, тәуелденбейді.

Жіктік жалғауын қабылдап, заттық ұғымда қолданылады.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

85-жаттығу

  1. Сан есімдерді тауып, түрленуін түсіндіру

 

Сен биыл ондасың ба? Ол жасы сол кезде қырықтарды алқымдаған, сақалды, мұртты кісі еді.

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу

 

86-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сөзбен жазу
  3. Құрамына қарай талдау

 

87-жаттығу                Өзіндік жұмыс

 

  1. Сан есімдерді мағынасына қарай ажырату
  2. Сөйлем құрау

 

89-жаттығу

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сан есімдерді тауып, мағынасына қарай ажырату
  3. Үшінші бөлімді емлесі бойынша жазу

10 шақты, 50-60-тай, т.б.

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:          88-жаттығу