Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

818

Сабақтың тақырыбы:  Сан есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың сан есімнің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, сан есімнің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, өнерді, тарихты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының сөздерді саралап, сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуін, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін, ой тұжырымдай білуін дамыту

Сабақтың типі:                                            Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                             Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                         Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, шығармашылық жұмыс.

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге 88-жаттығу берілген болатын.Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

  1. Сан есім заттың санын, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады.

Мен жетінші сыныпта оқимын.

 

І.С-де заттанып та анықтауыш болады.

Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.

 

  1. С.е. атау септігінде бастауыш болады.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

 

 

  1. Сан есім жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп, баяндауыш болады.

 

            Біз бесеуміз, бесеуміз

            Бес тармақты жұлдызбыз.

 

  1. Сан есім септеліп те, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады.

 

            Оқушылар спорт алаңына үштерде жиналмақшы.

 

  1. Б.,Т., Ж., Ш.,К. септіктерінде толықтауыш

 

  1. Сан есім + зат есім сөйлемнің күрделі мүшесі

Сан есім – қатыстық сан есім

 

Біз кеше 100 метр қашықтыққа жүгірдік.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

90-жаттығу

Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдау

Шайхат шай ішіп отыр. Ту сыртынан үйелмелі- сүйелмелі төрт ұл, екі қыз күрең патефонға үймелей қапты.

 

91-жаттығу

Сан есімдерді тіркескен сөзімен іріктеп жазып, қай сөйлем мүшесі екенін анықтау.

 

Жиырма үйлі – қанша ? – анықтауыш

Он түйесінің – қанша? – анықтауыш

Сегізінен айырылып – нешеуінен? – толықтауыш

 

92-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Сан есімдерді мағынасына, тұлғасына қарай ажырату

бірі – е.с.е., т.ж.ІІж.

төртінші – р.с.е

екі мың – е.с.е., күрделі

 

Шығармашылық жұмыс

«Уақыт — таразы» деген тақырыпқа мақала жазу

 

ҮІ. Қорытынды

 

ҮІІ. Бағалау

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:                    Сынақ тапсырма бойынша жұмыс