Сілтеу және сұрау есімдіктерінің түрленуі

1004

Сабақтың тақырыбы:  Сілтеу  және сұрау есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сілтеу есімдігінің зат есімдерше түрленетіні, септелетіні туралы, сұрау есімдігінің тәуелденуі, септелуі және жіктелуі жайлы білім қалыптастыру, септелу ерекшеліктерін аңғарту

Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені, ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге, елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, сөйлем мүшелеріне талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап, дәптермен жұмыс, т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге берілген тапсырма бойынша жазып келген шығармаларын тексеріп шығамын. Шығармаларын оқытып, жіктеу есімдіктерін тапқызамын, түрлену ерекшеліктерін айтқызамын.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Сілтеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, тәуелденеді.

 

І. Бұным                                бұнымыз, бұларымыз

ІІ. Бұның                               бұларың

Бұныңыз                               бұларыңыз

ІІІ. Бұнысы                           Бұлары

 

Сілтеу есімдіктеріне кеййде көптік, тәуелдік жалғаулары жаллғанады.

 

Сілтеу есімдіктері септелгенде мынадай ерекшеліктер байқалады:

 

1) бұл, сол, ол   І., Т., Ш.септіктерінде  л түсіп қалады.

Бұның

Бұны

Бұдан

Ж.с.-де түбірдегі л    н   бұнда

К.с-де    түбір + ы + К.с.

Б.с-де    л түсіп қалады        бұ-ған

 

2) –ған            Б.с-де осы, мына, ана –ға да жалғанады.

 

3) Осы, бұл, ол, сол Т:Ж.Ш.К. септіктерінде толықтауыш

 

Сілтеу есімдіктері А.с-де бастауыш, сызықша арқылы жазылады.

 

Бұл – Наталья еді.

 

Сұрау есімдіктері зат есімдердің орнына жүріп, зат есімдерше септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

 

Тәуелденуі:

 

І.         Менің кімім               І.         Біздің кіміміз

ІІ.        Сенің кімің                ІІ.        Сендердің кімдерің

Сіздің кіміңіз                        Сіздердің кімдерің

ІІІ.      Оның кімі                  ІІІ.      Олардың кімдері

 

Септелуі:                                                                  Жіктелуі:

 

А.        кім                                          І.         Мен кіммін                           І.         Біз кімбіз

І.         кімнің                                    ІІ.        Сен кімсің                             ІІ.        Сендер кімсіңдер

Б.         кімге                                                  Сіз кімсіз                                           Сіздер кімсіздер

Т.         кімді                                       ІІІ.      Ол кім                                               ІІІ.      Олар кімдер

Ж.       кімде

Ш.       кімнен

К.        кіммен

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

97-жаттығу

  1. Мәтінді оқу
  2. Жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып, ауызша талдау
  3. Фразеологизмді табу (дәптермен жұмыс)

 

98-жаттығу

  1. Мәтінді оқу
  2. Сілтеу есімдігі бар сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау

 

            Бала осы кеште Бұғы ана туралы ғажайып ертегіні тағы бір тыңдағысы келіп еді.

 

100-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сұрау есімдіктерін тауып, мағыналық ерекшеліктеріне түрлендіру

 

101-жаттығу

  1. Жаңылтпаш оқу
  2. Жатқа жазу
  3. Сөйлем мүшелеріне талдау жасау

 

Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім.

 

 

102-жаттығу              Өзіндік жұмыс

Берілген сұрау есімдіктерін қатыстырып, сөйлем құрау

104-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнын талдау
  3. Сұрау есімдіктерінің түрленуіне назар аударып, талдау
  4. Морфологиялық талдау жасау

 

 

Ү. Қорытынды

 

ҮІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:        Сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдер жазып келу