Өздік, белгісіздік есімдіктерінің түрленуі

173

Сабақтың тақырыбы: Өздік, белгісіздік есімдіктерінің түрленуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өздік, белгісіздік есімдіктерінің түрлену ерекшеліктері туралы бідлім қалыптастыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

Тәрбиелік: Оқушыларды тарихты, шежірені, ұлттық мұраларды құрметтеп, қастерлеуге, елді, жерді, отанды сүюге, патриоттық тәрбиеге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың есімдіктердің түрленуін ажырата білуін, сөйлем мүшелеріне талдай білуін дамыту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, кітап, дәптермен жұмыс, т.б.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге сілтеу, сұрау есімдіктері бар сөйлемдер жазып келуге, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасауға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Өздік есімдігі «өз» түбірі арқылы жасалады.

Өз есімдігі тәуелденіп барып септеледі, жіктеледі.

 

А.        Өз + ім

І.         Өз + ім + нің

Б.         Өз + ім + е

Т.         Өз + ім + ді

Ж.       Өз + ім + де

Ш.       Өз + ім + нен

К.        Өз + ім + мен

 

І          Мен    өз + ім + мін

ІІ         Сен     өз + ім + сің

Сіз       өз + ім  + сіз

ІІІ       Ол       өз + ім

 

 

Біреу, кейбіреу, қайсыбіреу, бірдеме, әрне, кімде-кім, әлдекім, әлдене, әркім, әлдекім сияқты белгісіздік есімдіктері зат есім орнына жұмсалады. Зат есімдерше түрленеді.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

1-тапсырма

Өз есімдігін жатқа тәуелдеу, жатқа септеу

 

105-жаттығу

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу
  2. Үш автордың айтпақ ойын түйіндеу
  3. Өздік есімдіктерді тауып, қай тұлғада түрленіп тұрғанына ауызша талдау жасау

 

107-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау
  3. Есімдіктерді тауып, қандай тұлғада жұмсалып тұрғанын анықтау

 

106-жаттығу                         Өзіндік жұмыс

 

Берілген белгісіздік есімдіктерін түрлендіре отырып, сөйлемдер құрау

 

Ү. Қорытынды

 

ҮІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:        108-жаттығу, 1-азат жолы