Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы

Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?

Бүгінгі еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы –бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да  бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады.    Әсіресе, баланың

эстетикалық-көркемдік  талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана  сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда жетіледі.Онысыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек,көкірегін ашып, тәрбие бермесек,өспейді, өнбейді.

Мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру,оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой,адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп,түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ана үлесіне тиеді. Ата-аналар баланы мектепке даярлау барысында оның танымдық процестерінің қалыптасуына  көп көңіл бөліп, жеке адамдық қалыптасуына назар аудара қоймайды. Бұл баланың келесі даму кезеңі, яғни,бастауыш мектеп  жасындағы қалыптасатын  психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Осындай ғылыми тұжырымдар бойынша баланың мектепке дайындығы-баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяқталуы психологиялық дамуын тоқтатпайды, оның бастамасы мектеп жасындағы кезеңде өз  жалғасын табады. Адамның дұрыс қалыптасуы осы мектеп жасына дейінгі кезде психологиялық, интелектуалдық дамуына байланысты болады. Сондықтан баланың мектеп жасына дейінгі дамуына балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер   және ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарау керек.

1 сынып оқушыларының  қандай болуы біздің қоғам мен  Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына байланысты.Бүгінгі мектептің мақсаты тек қана білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, ой-өрісі ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті, мемлекеттік тіл мен мемлекеттік  рәміздердін құрметтейтін,салт-дәстүрді дәріптейтін, өз елінің тарихын қадір тұтатын, елін,жерін сүйетін, Отанын қорғауға оның тағдырының  жарқын болуы үшін үлес қосатын отаншыл оқушыларды  тәрбиелеу болып табылады.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне  психологиялық-педагогикалық  жағдай жасай отырып,өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі,дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.

 

 

Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы

бастауыш сынып мұғалімі