Алтай орманы

Сабақтың тақырыбы:                  Алтай орманы

Білімділік: Оқушылардың есімдіктер мен есім сөздердің түрленуі, сөйлемдегі қызметі жайлы алған білімдерін, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу, табиғат сыйын бағалау білуге үйрету

Дамытушылық: Оқушының есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту

Сабақтың типі:                              Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі:                               Диктант

Сабақтың әдіс тәсілдері:               Мәнерлеп оқу, талдау

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Диктант жазуға дайындық

 

ІІІ. Диктант жаздыру

 

Алтай орманы

Алтай жерінің асты қандай қазыналы болса, үсті де сондай бай ғой. Мұның сыңсыған орманының өзі бір байлық емес пе жатқан! Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады. Алтай орманын аралап көргендеріңіз бар ма сіздердің? О, ғажап қой оның іші! Балуан пішінді  самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер? Жел қозғалғанда, оның жасыл ине жапырақтарының ғажайып күйге ұшырайтын сыбдыр-сыбдырын естіп пе еді құлақтарыңыз? Самырсын қарағайын көрмесеңіздер, оның үнін естімесеңіздер, онда Алтай орманын аралаңыздар. Көкке тіреу болған күміс діңгекті көріп пе едіңіздер? Көрмесіңіздер, Алтайдың күміс қабақ қарағайына қараңыздар сүйсініп.

Ең алдымен орман ішінің ауасын айтсаңызшы! Оған жақындай бергенде-ақ, шөптің, шайырдың, жапырақтың, топырақтың, ағаштың, гүлдің, бір сөзбен айтқанда, бүкіл табиғаттың хош иісі мұрныңды жарады. Неше түрлі нәрлі жемістің қосындысынан жасалған керемет сусын іспеттес ауаны кеуде кере, қайта-қайта жұтумен боласыз.

(Ә.Нұршайықов.  115 сөз)

 

Тапсырма:

  1. Есімдіктерді теріп жазу
  2. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау:

 

    • Оны нағыз тайганың өзімен ғана теңестіруге болады.
    • Балуан пішінді  самырсын қарағайын көріп пе едіңіздер?

 

ІҮ. Қорытынды

 

Ү. Бағалау

 

ҮІ. Үйге тапсырма:           Өткенді қайталау