Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік

118

Сабақтың тақырыбы:                      Етістіктің түрленуі. Етістіктің шақтары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің түрленуі, оның білдіріп тұрған іс-әрекетінің түрлі уақытта орындалатыны, белгілі жұрнақтар арқылы нақты ұғымға ие болатындығы жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды әсемдікке, табиғатты сүюге, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың өлеңді мәнерлеп оқуын, ойын, тілін, шығармашылықпен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі:                                            Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                             Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                             Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, бес жолды өлең

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабақ

 

Сөйлеп тұрған кезге байланысты іс-әрекеттің өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.

 

  Етістіктің шақтары

 

Осы шақ                                Келер шақ                             Өткен шақ

 

Сөйлеп тұрған кезде            Іс-әрекеттің сөйлеп                         Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған

болған іс-әрекет                   тұрған кезден            кейін                         кезден бұрын болғаны

болғаны

 

Етістіктің шақтары көсемше, есімше формалы етістікке

  • –ды, -ді, -ты, -ті,
  • -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады.

 

 

*   Шақтық мағына білдіретін етістіктер көбіне жіктелеп келеді.

*   Жіктік жалғау шақ көрсеткіштерінен кейін жалғанады.

 

            Оқы – ған – мын

 

Күрделі етістікте жіктік жалғауы көмекші етістікке жалғанады.

 

Сөйлеп отыр-ған-сың.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

 

122-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Әңгімелеу
  3. Дәптермен жұмыс

Етістіктерді теріп жазып, мағынасын анықтау

 

  1. Құстар қалай сайрайды?

Қаздар қаңқылдайды, үйрек құрқылдайды.

 

 

123-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Етістіктерді шақтарына қарай теріп жазу

1-қатар:          осы шақ

2-қатар:          келер шақ

3-қатар:          өткен шақ

 

  1. Морфологиялық талдау

1-азат жол.

 

  1. Синтаксистік талдау жасау

2-азат жол.

 

Шығармашылық жұмыс

«Аққу – құстың төресі»  ойтолғау жазу

 

«Аққу» сөзіне бес жолды өлең құрастыру

 

 

ІҮ. Қорытынды

 

Ү. Бағалау

 

ҮІ. Үйге тапсырма:     124-жаттығу