Ауыспалы осы шақ

475

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы осы шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы шақ етістіктер туралы алған білімдерін тереңдету, ауыспалы осы шақ, оның ауыспалы келер шақтан айырмашылығы жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, шынайы достыққа, еңбексүйгіштікке, табиғат сұлулығын сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлем мағынасына мән беріп, логикалық ойлай білуін, талдай білуін дамыту

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, талдау, терме жұмысы, ауызша тіл дамыту, өзіндік жұмыс

 

                                                                       Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

 

ІІІ. Жаңа сабақ

Үнемі болып тұратын қимыл-әрекетті білдіретін етістіктің шағын ауыспалы осы шақ днейміз.

А.о.ш. =  етістік + -а, -й, -е  +  ж.ж.

 

Ауыспалы осы шақ, яғни көсемшенің жіктелген түрі сөйлемде екі түрлі қызмет атқарады:

  1. а.о.ш.
  2. а.к.ш               сондықтан ауыспалы деп аталады.

 

Мағынасы сөйлемде ажыратылады.

 

Көлдің жағасында отырған ауыл бұлдырап көрінеді. – а.о.ш.

 

Мен Балжанды үйше алып қайтамын. – а.к.ш.

 

 

Ауыспалы осы шақтың күрделі түрі етістікке –ып, -іп, -п жұрнағы жалғанып,  көмекші етістікке –а, -е, -й жұрнағынан кейін жіктеліп келіп жасалады.

Көр-ін-е-ді                 көр-ін-іп кел-е-ді

Айт-а-ды                   айт-ып отыр-а-ды.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

127-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Ауызша тіл дамыту

Өздеріңнің достарың туралы не айтар едіңдер?

  1. Ауыспалы осы шағы бар сөйлемдерді көшіріп жазып, талдау

 

Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.

 

128-жаттығу                          Теріп жазу

 

 

Н.о.ш                                                 А.о.ш

әкет-іп жатыр                                   елесте-й-ді

иіліп тұр                                            ойна-й-ды

мәпелеп күт-е-ді

 

 

130-жаттығу

А.о.шақты тауып, нақ осы шаққа айналдыру

 

Ағады – ағып жатыр

Шығады

Ысқырып ойнайды

Қудалайды

Сайрайды

Қосылады

Жырлайды

Қосады

 

 

Өзіндік жұмыс          Тапсырма бойынша әңгіме құрау

 

Ү. Қорытынды

 

ҮІ. Бағалау

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:

129-жаттығу