Келер шақ. Болжалды келер шақ.

210

Сабақтың тақырыбы:                  Келер шақ.          Болжалды келер шақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақтары жөнінде алған білімдерін тереңдету, келер шақ, оның түрлері, болжалды келер шақтың жасалуы жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны  арқылы ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке, әсемдікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, сауаттылығын дамыту, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі:                                            Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                             Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                         Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу, өзіндік жұмыс.

 

            Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

           

  • Осы шақ дегеніміз не?
  • Түрлерін ата.
  • Нақ осы шақ дегеніміз не?
  • Нақ осы шақ қалай жасалады?
  • Ауыспалы осы шақ дегеніміз не?
  • Жасалу жолын түсіндір.

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің шағын келер шақ дейміз.

 

Келер шақ

 

Болжалды                              Мақсатты                              Ауыспалы

 

            Айқын емес

Болжап көрсетеді

 

 

-ар, -ер, -р (есімше)

Етістік +                                                                            + ж.ж.

-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе  + С

(болымсыз етістік)

 

Болымсыздық мағынадан кейін болжалдан гөрі үзілді-кесілді шешім басым.

 

І жақта кейде –пын, -пін орнына қысқана  — н қолданылады.

 

Б.с., Ш.с, К.с. септіктерінде жіктеледі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

131-жаттығу

Осы шақ, келер шақ етістіктері бар сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

Е-ей, жөніңді айтсаңшы, өндерестік бригадаға бара жатырмын. Балалардың көбі пінеде жүр…

 

 

132-жаттығу                         Өзіндік жұмыс

Осы шақ, келер шақ етістіктерді баған түрінде көшіріп жазу

 

            Осы шақ                                                                  Келер шақ

өтіп жатыр

тұр

ұйымдастырушы болып істейді

үйретіп тұр.

Қарап отыр.

 

 

133-жаттығу

  1. Көшіріп жазып, сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
  2. Болжалды келер шақ мағынаны білдіретін сөздердің астын сызу

 

 

134-жаттығу                         Шығармашылық жұмыс

 

Келер, жазар, көрінбес, оқыр сөздерін қолдана отырып, сөйлем құрау

 

135-жаттығу

  1. Мақалдарды көшіріп жазып, синтакситік талдау жасау
  2. Болжалды келер шақытық мағынаны білдіретін сөздердің жасалу жолын түсініру

 

 

Ү.Қорытынды


ҮІ. Бағалау

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:                      136-жаттығу