Мақсатты және ауыспалы келер шақ

71

 

Сабақтың тақырыбы:  Мақсатты және ауыспалы келер шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Болжалды келер шақ туралы алған білімдерін тереңдету, мақсатты, ауыспалы келер шақ туралы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушыларды аңғарымпаздыққа, ұғымталдыққа, көрген-білгенін есте сақтап, зердесіне тоқи білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздерді шағына қарай талдай білу машықтарын жетілдіру

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу

 

 

 

                                                           Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге 136-жаттығу берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Келер шақ дегеніміз не?
  • Түрлері
  • Болжалды келер шақ қалай жасалады?
  • Болымсыз етістіктен жасалған болжалды келер шақты ата.

 

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Мақсатты келер шақ

Мақсатты келер шақ іс-әрекеттің келешекте мақсат ете орындалатынын білдіреді.

 

Етістік  +  -мақ, -мек, -бақ, -бек  +  ж.ж.

Мен ауылға бармақпын.

Немесе

 

Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші  +  ж.ж.

 

Болымсыз түрі:

Етістік + -мақ, -мек + -шы, -ші  +   емес

 

 

Ауыспалы келер шақ

Көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Сөйлемдегі мағынасы арқылы аңғарылады.

-мын, -мін  І жақ   кейде –м ( ауызекі сөйлеу тілінде)

           

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

137-жаттығу              Морфологиялық талдау, болжалды келер шақтың астын сызу

 

Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.

 

138-жаттығу                         Өзіндік жұмыс

 

Берілген сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрау

 

140-жаттығу

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу
  2. Болжалды келер шақты ауыспалы келер шаққа, ауыспалы келер шақты болжалды келер шаққа айналдыру.

 

143-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнын баяндау
  3. Сөйлемдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау

 

ҮІ. Қорытынды

 

ҮІІ. Бағалау

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма:                    141-жаттығу