Өткен шақ. Жедел өткен шақ

210

Сабақтың тақырыбы:                             Өткен шақ. Жедел өткен шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің шақтары туралы алған білімдерін кеңейту, өткен шақ, оның түрлері, жедел өткен шақ туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды қонақжай, дархан халқының даихын оқи отырып, кішіпейіл, кең болуға, әдебиетті сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу

 

 

 

                                                           Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге 141-жаттығуды көшіріп жазып, келер шақ етістіктердің астын сызуға берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Осы шақ түрлерін ата.
  • Нақ осы шақ дегеніміз не? Неге нақ осы шақ деп аталады?
  • Ауыспалы осы шақтың нақ осы шақтан айырмашылығы неде деп ойлайсың?
  • Келер шақтың түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын істеліп кеткенін білдіретін етістіктің шағы өткен шақ деп аталады.

 

Өткен шақ

 

Жедел өткен шақ                  Бұрынғы өткен шақ             Ауыспалы өткен шақ

 

Іс-әрекеттің таяуда

болғанын білдіреді.

 

Етістік +  -ды, -ді

-ты, -ті          ж.ж.

 

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

145-жаттығу              Ауызша

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мәтіннен жедел өткен шақты білдіретін етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру.

 

147-жаттығу

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Радловтың қазақ тілі үшін сіңірген еңбегіне назар аударту.
  3. Сөйлемдероге синтаксистік талдау жасау.

 

146-жаттығу              Өзіндік жұмыс

 

  1. Берілген етістіктерді жедел өткен шаққа айналдыру
  2. Сөйлем құрау

 

ҮІ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

  1. Оқу
  2. 148-жаттығу бойынша мәтінге сүйене отырып, Потанинге мінездеме беру