Бұрынғы өткен шақ

194

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:  Бұрынғы өткен шақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен шақтың түрлері жөнінде алған білімдерін тереңдету, бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік:  Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ел тарихын сыйлап, қастерлеуге, үлгі тұтуға, парасаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау

 

 

 

                                                           Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге 148-жаттығу бойынша Потанинге мінздеме жазып келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын оқытып, жедел өткен шақ етістіктерді тапқызамын.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.

 

Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары:

-ып, -іп, -п + ж.ж.

— ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.

 

немесе

-ып, -іп, -п                                         +   еді, екен   +   ж.ж.

— ған, -ген, -қан, -кен + ж.ж.

 

 

-ып, -іп, -п      арқылы жасалса, тұжырымды, айғақты ой айтылады.

-ған, -ген, -қан, — кен —  көзі толық жетпейтін ой. Ертегілерде көп кездеседі.

 

 

Ү.Жаңа сабақты бекіту

 

149-жаттығу

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
  2. Бұрынғы өткен шақтық мағынаны білдіріп тұрған етістіктерді теріп айту
  3. Өлеңдегі етістіктерді көсемше тұлғасына түсіріп, көшіріп жазу, морфологиялық талдау жасау.

 

150-жаттығу

 

  1. Ә.Бөкейхан туралы не білеміз? Оқушы ойларын тыңдау.
  2. Ә.Бөкейхан туралы қосымша мәлімет беру

Әлихан Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Се­мей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын бо­лы­сына қарасты 7-ауылда, қазақ хан­дарының тікелей ұрпағы Нұрмұхамедтің от­бас­ында дүниеге келген еді. Халықтың бай ауыз әдебиеті мен Шығыстың қисса-дас­тан­дарын жақсы білетін, ұлы Абайдың асқақ ой­лы шығармалары мен оның талантты шә­кірт­терінің туындыларын жаттап өскен ортада бой түзеген Әлихан үш кластық бастауыш мек­­тепті, уезд орталығындағы үш жылдық учи­­лищені, Омбы қаласындағы төрт жылдық тех­никалық училищені де ойдағыдай бітіреді. Өте жақсы оқуы және ерекше тәрбиелілігі арқасында ол 1890 жылы Дала генерал-гу­бер­наторы кеңсесінің ұсыныс-хатымен Санкт-Петербург Императорлық орман институтына түседі.

Туасы зерек Әлихан Бөкейхан студент ке­зінде-ақ Ресей орталығындағы саяси жағ­дай­лардан тыс қала алмады. Сабақтан тыс кез­дер­­де марксизм іліміне ден қойып, қызу пі­кір­­таластарда оның экономикалық ма­териализм қағидаларын қорғайды. Қоғамдық бел­сенділік танытып, әртүрлі студенттік тол­қу­ларға да араласады. Мұның барлығы бо­ла­шақ Алаш көсемінің Ресейдің мемлекеттік құ­рылымын, оның қазақ даласындағы ота­р­шылдық саясатының қыр-сырын тереңірек түсінуіне игі ықпал етеді.

Ә.Бөкейхан –қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы, «Алаш» партиясын құрушылардың бірі. 1913 жылы А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін ұйымдастырады. Алашорда үкіметінің төрағасы.

 

  1. Мәтін мазмұнымен танысу
  2. Мазмұнына талдау жасау
  3. Мәтіннің 2-азат жолына синтаксистік талдау жасау.

 

151 – жаттығу

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Тақырып қою
  3. –ған, -ген, -қан, -кен формалы етістіктерді теріп жазып, оларды жедел өткен шақпен салыстыру.

 

Ү. Қорытынды.

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:    Етістіктің бұрынғы өткен шақ түріне сөйлемдер жазып келу