Етістіктің райлары туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы:                  Етістіктің райлары туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары, олардың жасалуы, білдіретін мағынасы, етістік райларының түрлері жайлы түсінік қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, сұлулыққа, өнерді сүюге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ойын, мәнерлеп оқу

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Етістік іс-әрекеттің атын ғана білдіріп қоймайды, оның шақтық, жақтық мағыналарын да көрсетеді.

Етістктің тағы бір ерекшелігі – рай категориясы.

Қимыл, іс-әрекетті айтушының не ол іс-әрекетті хабалаушының пікірімен, ол іс-әрекеттің іске асуымен де байланысты.

 

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.

Белгілі бір мезгілде іске асуын білдіреді.

  • Үгітті ұққанға айт, ақылд жұққанға айт.

орындалун талап ету

  • Шапшаң жүрсең, шаң жұқпас.

Орындалу шарты, белгілі бір шақта ске асуы

  • Менің оқығым келеді. Оның айтқысы келеді.

Ниетін, талабын білдіреді.

 

 

Белгілі бір грамматикалық категориялар арқылы жасалып тұр.

 

Сөйлеуші сөз арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушы пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады.

 

Рай

 

Ашық                         Шартты                     Қалау                         Бұйрық

 

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

160-жаттығу

 

  1. Көшіріп жазып, етістікке талдау жасау
  2. Синтаксистік талдау жасау

 

 

161-жаттығу                          Морфологиялық талдау жасау

 

Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,

Басқаға жануарды тең көрмедім.

 

Ойын.            Кім жылдам?

Үш оқушы етістікті үш шаққа айналдыруы керек.

 

Осы шақ                                Келер шақ                             Өткен шақ

 

Бар, сөйле, жаса, тік, көр, тоқы, жүгір, ақылдас, үйрен, көзде, тіле, анықта, айқында, арашала.

 

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма: қайталап келу