Шартты рай

116

Сабақтың тақырыбы:  Шартты рай

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін тереңдету, шартты рай, оның жасалу жолдары, білдіретін мағынасы туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Мақал-мәтел, жұмбақтардың мазмұны арқылы жаман қасиеттерден жиреніп, жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, сөздерге талдау жасай білу машықтарын жетілдіру.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 170-жаттығу бойынша сөйлемдерге морфологиялық талдау жасауға және бата жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұрап, жаттаған баталарын сұраймын.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы
  • Бұйрық райлы етістіктің жіктелу ерекшелігі туралы айтыңдар

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Көп іздесе, жоқ табылар.

 

Етістіктің шартты райы іс-әрекеттің болу, болмау, іске асу, аспауының  шартын білдіреді.

 

  1. Өмірден көп нәрсені үйренсек, көрсек дейміз.
  2. Қатты айтсаң, қарындасыңа да жақпайсың.

 

    • Шартты райлы етістік тиянақты ойды білдіре алмайды.
    • Көмекші етістіктердің тіркесіп келуі арқылы жасалады.
    • Шартты рай жедел өткен шақ етістік сияқты жіктеледі.

 

    • Үнемі шартын білдіре бермейді.

 

    • Кейде мезгілдік, кейде қарсылық мән білдіреді.

 

    • Шартты рай  +  І, ІІ ж.ж.ж. +  — шы, -ші               өкіну, налу мағынасын білдіреді.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

Тапсырма бойынша жұмыс:

  1. –са, -се жұрнағы жалғанған сөз үнемі істің шартын білдіре ме?
  2. Шартты райла етістікке жұрнақ жалғана ма? Жалғанса, қандай мағынап пайда болады?

 

 

171-жаттығу

 

  1. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау. Шартты райлы етістіктердің астын сызу

 

 

172-жаттығу              Өзіндік жұмыс

Берілген етістіктерді шартты райға айналдырып, сөйлем құрау

 

1-қатар:          сана, жаз

2-қатар:          жүргіз, тазарт

3-қатар:          санама, бүлдірме

 

 

173-жаттығу

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату

 

Шартты райлы етістіктері бар мақал-мәтелдерді еске түсіру

 

 

  • Жаман атқа жал бітсе,

Жанына торсық байлатпас.

 

  • Тіл тас дарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  • Батыр туса, ел ырысы.

Жаңбыр жауса, жер ырысы.

 

  • Ер жігіт айтпайды, айтса, қайтпайды.

 

  • Оқи берсең, көзің ашылады,

Отыра берсең, жалқаулық басынады.

 

ҮІ . Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:       

Оқу, 173-жаттығудың 2-бөліміне грамматикалық талдау жасап келу.

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚалау рай
Келесі жазбаБұйрық рай