Бұйрық рай

204

Сабақтың тақырыбы:  Бұйрық рай

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін кеңейту, бұйрық рай, оның жасалу жолдары, жіктелу ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы оқушыларды еріншектік, сараңдық, қыңырлық сияқты мінез-құлықтардан аулақ болуға, қиындыққа мойымауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, өзіндік жұмыс, ауызша тіл дамыту

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 166-жаттығу бойынша берілген ашық райлы етістіктерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Бір жаққа қаратылып, қимылдың, іс-әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің түрі бұйрық рай деп аталады.

Бұйрық рай :

  • Бұйрық
  • Тілек
  • Талап ету
  • Ниет ету мағыналарын білдіреді.

 

І, ІІ жақта талап, бұйрық мағынасын білдірсе,

ІІІ жақта ниет ету мағынасы басым.

 

Басқа райдан ерекшелігі:

  1. Етістіктің ерекше жіктелуі арқылы жасалады.
  2. ІІ жақ анайы түрде қосымша жоқ.
  3. І жақ түбір + -айын, -ейін, -йын, -йін   (жекеше түр)

-айық, -ейік, -йық, -йік    (көпше түр)

 

  1. ІІІ жақ. Түбір + -сын,  -сін

 

Бұйрық рай –шы, -ші жұрнақтары жалғану арықылы өтініш, тілек мағынасын да білдіреді.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

167-жаттығу              Ауызша талдау

 

  1. Мақал-мәтелдерді оқу
  2. Бұйрық райлы етістіктерді тауып, талдау жасау

 

168-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Тақырып қою.
  3. Етістіктерді теріп жазып, талдау

 

169-жаттығу

 

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. М.Қашқари сөзінің мазмұнына талдау жасау
  3. Сөйлемдерге грамматикалық талдау жасау

 

 

Өзіндік жұмыс                      Грамматикалық калейдоскоп

Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрау

 

Қиянат, ұрлық, кісі, өтірік, ғайбат, жасау, ата-ана, айт, қамқорлық, кіші, үлкен.

 

ҮІ.  Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

                                   170-жаттығу, морфологиялық талдау, бата жаттау

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаШартты рай
Келесі жазбаАшық рай