Қалау рай

123

Сабақтың тақырыбы:  Қалау рай

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік: Етістіктің райлары туралы алған білімдерін тереңдете отырып, қалау райың мағынасы, жасалуы туралы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы ұқыптылыққа, тазалыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін дамыту, байланыстырып сөйлей білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын байыту.

Сабақтың типі:                                          Аралас сабақ

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ой дамыту, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге 173-жаттығудың 2-бөлімі бойынша берілген жұмбаққа грамматикалық талдау жасап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

  • Шартты рай дегеніміз не?
  • Шартты райдың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
  • Мысалдар арқылы өз ойларыңды дәлелдеңдер.

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Етістіктің райларының ішінде мағынасы және жасалуы жағынан ерекше түрі – қалау рай.

 

Етістіктің қалау райы іс иесінің қимылды, іс-әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді.

 

  1. Менің көп жұмысты атқарғым келеді.
  2. Сен Әйгерімнің есебін шығаруға көмектесіп жібергейсің.
  3. Ербол өзіне берілген тапсырманы уақытында орындаса игі еді.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма

Берілген етістіктерді қалау райлы етістіктің жасалу жолының барлық түріне қойып айту

 

  • Ойнама
  • Берме
  • Көр
  • Жасыр
  • Тарсылдатпа
  • Тік
  • Бақыла

 

174-жаттығу

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, морфологиялық талдау жасау
  2. Шартты райлы етістіктердің астын сызып, білдіретін мағынасын ажырату

 

175-жаттығу         Өзіндік жұмыс

 

Берілген сөз тіркестерін қатыстыра отырып, сөйлемдер құрау

 

177-жаттығу

 

Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, синтаксистік талдау жасау.

 

 

Шығармашылық жұмыс.

«Менің арманым» деген тақырыпқа қалау райлы етістіктерді қатыстыра отырып, шағын эссе  жазу

 

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

176-жаттығу