Есімшенің жіктелуі. Есімшенің септелуі

Сабақтың тақырыбы: Есімшенің жіктелуі. Есімшенің септелуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімшенің түрленуіндегі өзіндік ерекшеліктері, оның тәуелденуі жайлы алған білімдерін тереңдету, есімшенің жіктелуі, септелуі жайлы білім қалыптастыру

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, пайымдылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: оқушы ойын, есімшелерді түрлендіріп, талдай білуін дамыту

Сабақтың типі:                                                      Аралас сабақ

САабақтың түрі:                                                   Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                                  Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге тәуелденген есімшесі бар 6 сөйлем жазып, талдап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Есімшенің жіктелуі:

 

Оңаша                                                                                  Ортақ

І.   Мен көргенмін                                                   І.    Біз көргенбіз

ІІ.  Сен көргенсің                                                    ІІ.   Сендер көргенсіңдер

Сіз көргенсіз                                                             Сіздер көргенсіздер

ІІІ.Ол көрген.                                                                      ІІІ. Олар көрген.

 

 

Есімшенің септелуі

А. барған

І.  барғанның

Б. барғанға

Т. барғанды

Ж.барғанда

Ш.барғаннан

К. Барғанмен

Болымсыз түрі –ма, -ме + с + ж.ж.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

185-жаттығу

  1. Өлең шумақтары мен мақал-мәтелдерді мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау
  3. Есімшелерді тауып, олардың түрлену жолын түсіндіру

 

 

186-жаттығу

  1. Өлеңдерді оқып, мазмұнына, дауыс ырғағына талдау жасау
  2. Морфологиялық талдау жасау
  3. Болымсыз етістіктен кейін жалғанған есімшенің –с жұрнағы мен жіктік жалғауының өзгеріске ұшыраған түріне көңіл аударту
  4. Сүйегім, тақсыр және тартынбай сөздеріне фонетикалық талдау жасау

 

187-жаттығу

  1. Мақалдарды мәнерлеп оқып, мазмұынына, тәрбиелік мәніне талдау жасау
  2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:                    157-жаттығу              4,5,6 сөйлемдер