Есімшенің сөйлемдегі қызметі

173

            Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:                                         Есімшенің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Есімшенің түрленуі жайлы алған білімдерін тереңдете отырып, есімшенің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптсатыру, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндері арқылы еңбексүйгіштікке, ерлікке, ауызбіршілікке, татулыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, есте сақтау қабілетін, тілін дамыту

Сабақтың типі:                                                      Аралас сабақ

САабақтың түрі:                                                   Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                                  Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

 

Үйге ішінде берілген сөздері бар сөйлемдер не мақал-мәтелдерді тауып жазып, талдап келуге берілген болатын.

Үй тапсырмасын тексеремін.

 

ІІІ. Өткен сабақты қорытындылау

 

ІҮ. Жаңа сабақ

 

Есімше әр түрлі сөйлем мүшесі бола алады.

 

  1. Есімше + ж.ж.                       баяндауыш

Жаңбыр жауар, көк шығар.

 

 

  1. Есімше +        З.е.

Есімше +        І.с.                  анықтауыш

Домбыраны қолға алсам,

            Ағылған жыр мен күй көрем.

 

  1. Есімше А.с.                           бастауыш

Оқыған білер,

Ерінбеген етікші болар.

 

 

  1. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.)                      толықтауыш

Білмегеніңді үлкеннен сұра,

Үлкен білмесе, кішіден сұра.

 

  1. Есімше + (Б.с, Т.с., Ж.с., Ш.с., К.с.)                      пысықтауыш

Есімше — Шылау

Осыны сезген сайын Абай тоқтаусыз жыр шертеді.

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту

 

188-жаттығу

  1. Мақал мәтелдердегі есімшелердің сұрақтарын анықтап, қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын табу
  2. Үлгіге сай талдау жұмысын жүргізу

 

Туған үйдің, туған ананың – қандай? , анықтауыш

 

189-жаттығу

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

 

Жұмыскерлерге барақтар салынған.

 

190-жаттығу

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу
  2. Есішелерді тауып, ауызша талдау жасау (сұрағын анықтау, түрлену түрі мен қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұр)

 

191-жаттығу

Мақал-мәтелдердегі есімшелердің түрленген тұлғаларына ауызша талдау жасау

 

192-жаттығу

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

 

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ. Бағалау

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

195-196 жаттығулар