Етістіктің сөйлемдегі қызметі

58

Сабақтың тақырыбы:  Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістіктің формалары жөнінде алған білімдерін тиянақтау, етістіктердің сөйлемдегі қызметі жайлы білім қалыптастыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды жинақылыққа, еңбексүйгіштікке, тазалыққа, өнер-білімге ұмтылуға тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын дамыту

Сабақтың типі:                                                      Жаңа білімді игерту сабағы

САабақтың түрі:                                                   Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                                  Түсіндірмелі, талдау, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

 

  1. Етістік шақ, рай тұлғасында жіктеліп келіп, баяндауыш болады.

Тұйық етістік сөйлем соңында Ж.с-де немесе басқа тұлғаларда тұрып-ақ баяндауыш болады.

 

Қойшының қоңыр лашығының бір үзігі сыпырылған.

Асан баласын Семейде оқытуда

 

  1. Етістік көсемше тұлғасында іс-әрекеттің амалын, қасиетін білдіріп, пысықтауыш болады.

Тұйық етістік Б.с., Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп немесе шылаулармен тіркесіп келіп, пысықтауыш болады.

 

            Біз газет оқығалы кітапханаға бардық. Жиналыста тазалық сақтау, жаңа тұрмыс құру, оқу турал айттым.

 

  1. Етістік есімше және тұйық етістік тұлғаларында А.септігінде келіп, бастауыш болады.

 

Қайталау – оқу анасы.

Ізденген жетер мұратқа.

 

  1. Есімше формалы етістік немесе А.с –гі тұйық етістік З.е-мен тіркесіп келіп, анықтауыш болады.

 

  1. Б.с.,Т.с., Ж.с., Ш.с., К.септіктерінің бірінде келіп, екеуі де кейде толықтауыш болады.

 

Мына оқиғадан кейін осыны мойындауға тура келді.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

 

208-жаттығу              Ауызша талдау

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Сөйлемдерді жеке-жеке оқып, етістіктерін табу, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау

 

209-жаттығу

Сөйлемдерге синтакситік талдау жасау

 

210-жаттығу

Етістіктерді теріп жазып, шағына, райына ажырату

 

Тимеді – ж.ө.ш., а.р.

Байқаған жоқ – б.ө.ш., а.р.

 

211-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұнына талдау жасау
  3. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

 

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:

212-жаттығудың 1-бөліміне синтаксистік талдау жасау

Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмыс