Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

1142

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің сөйлемдегі қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сын есімнің түрленуі жөнінде алған білімдерін тереңдету, сын есімдердің түрленіп келіп сөйлем мүщесі қызметін атқаратынын меңгерту, жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекіту.

Тәрбиелік: Жаттығу мәтіндерінің мазмұны арқылы әсемдікке, кішіпейілділікке, төзімділікке, елін сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, сөздік қорын, сөйлем мүшелеріне ажырата білуін дамыту

Сабақтың типі:                                          Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                                          Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                                      Түсіндірмелі, талдау, ауызша тіл дамыту, мақал-мәтел айту, өзіндік жұмыс

 

                                                           Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

 

ІІІ. Жаңа сабақ

 

Сын есім сөйлемде әр түрлі қызмет атқарады.

  1. Қадірлі сыбағаның бірі – омыртқа.

Сын есімнің негізгі қызметі – анықтауыш

 

  1. Сын есім + І.с. = заттық мағына анықтауыш

Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын.

Өнерлінің өрісі кең.

 

  1. Сын есім + ж.ж. = баяндауыш

Сен бір артық көркемсің.

 

  1. Сын есім + етістік = пысықтауыш

Әжемнің бұлтиған кәрі қолы өте жұмсақ тиеді.

 

  1. Сын есім септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді.

Егер көптеліп, септеліп, тәуелденсе, онда зат есімнің орнына жүреді. Оны сын есімнің заттануы деп атайды.

Қас жақсының белгісі –

Жаман сөзді жаттамас.

Заттанған сын есім А.с-де тұрып, бастауыш болады.

Дүниеде түрлі-түрлі адамдар бар,

Жақсы да, арасында жаман да бар.

 

  1. Сын есім + Б;Т;Ж;Ш;К = толықтауыш

Жаманға жан жуымас.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

 

77-жаттығу                Сын есімдерді талдау

            Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш. Ақ үйдің төрінде қабат-қабат көрпе төсеп, жан-жағына үлкен ақ жастықтар қойып Аймен отыр.

 

 

79-жаттығу

Мақалдардағы сын есімдерді тауып, септігін ажырату. Сөйлем мүшесіне талдау.

 

Сыпай сырын сақтар,

Әдепті арын сақтар.

Жаманның тілі ащы,

Көк мияның гүлі ащы.

 

80-жаттығу

Түбірін дефис (-) арқылы бөліп, сөз табына ажырату

 

            От-ты, ғылым-и, ауыс-па-лы, жылжы-ма-лы, боз-ғылтым.

 

81-жаттығу                Өзіндік жұмыс

  1. Берілген сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрау
  2. Сын есімдерді мағынасына, жасалуына, шырай түріне қарай талдау.

 

            Кенет алдымнан қалың қара сақалды кісі шыға келді.

 

84-жаттығу    Ауызша тіл дамыту

 

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Мазмұндау
  3. Сын есімдерді тауып, қай сөйлем мүшесі қызметін атқарып тұрғанын анықтау

 

 

 

83-жаттығу

  1. Оқу
  2. Талдау

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Диктантқа дайындық