Спорт қашан пайда болды?

Сабақтың тақырыбы:                  Спорт қашан пайда болды?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Сын есімнің түрленуі, сөйлемдегі қызметі тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, жазу сауаттылықтарын тексеру

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, байыптылыққа, спортты сүюге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың жазу сауаттылықтарын дамыту, естігендерін сауатты жаза білу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету

Сабақтың типі:                              Білім сынау сабағы

Сабақтың түрі:                               Диктант

Сабақтың әдіс-тәсілдері:               Мәнерлеп оқу, талдау

 

 

            Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Диктант жазуға дайындық

 

ІІІ. Диктант жаздыру

 

Спорт қашан пайда болды?

Тарихқа үңілер болсақ, спорттың дүниеге келуі діни нанымдардан бастау алатын сияқты. Ертеде адамдар құдайға құлшылық етіп, әр түрлі ырымда билейтін болған. Олардың билері жауынгерлер мен аңшылардың қимылына ұқсайтын. Келе-келе бұл билер спорттың бір түріне айналған.

Осыдан 4 мың жыл бұрын египеттіктер спорттың бірнеше түрін білген. Бірақ спорт жеңіл атлетика түрінде алғаш рет Грекияда пайда болыпты. Біздің заманымызға дейінгі 776 жылы Грекияда алғашқы олимпиадалық ойындар өткізілген.

Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған. Соның ішінде ең ежелгісі және ең маңыздысы – олимпиадалық ойындар. Жарыстарға он айлық дайындықтан өткен грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған. Алғашқы кезде жарыстар жүгіру мен секіруден ғана өткізілсе, кейін оған күрес, бокс, найза мен диск сияқты спорт түрлері қосылған.

Бүгінде спорт әуесқой және кәсіпқой спорт болып екіге бөлінеді.

 

ІҮ. Грамматикалық тапсырма

 

  1. Сын есімдерді теріп жазып, түріне, шырайына ажырату, сөйлемдегі қызметін анықтау
  2. Синтаксистік талдау

Грекияда әр түрлі спорттық мерекелер өте көп болған.

Жарыстарға грек ұлтының жас жігіттері ғана қатыстырылған.

 

Ү. Қорытынды

ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма:

                                               Өткенді қайталау

 

 

ІІ-деңгей  1-тапсырма

Тұрақты сөз тіркестерін көшір де, тұсына мағынасын жаз.

Үлгі: Тілі шығу – сөйлеу.

Арасынан қыл өтпейтін –

Бармағын шайнау –

Ит арқасы қиянда –

Екі езуі екі құланда –

Жұлдызы қарсы –

Қас пен көздің арасында жоқ болу –

Бетінен оты шықты –

Ағаштан түйін түю –

Қырғи қабақ болу –

Жүрегі зу ету –

 

І-деңгей 1-тапсырма

Төмендегі тұрақты сөз тіркестерін қатыстырып сөйлемдер ойлап жаз.

Көзі жеткізу. Қолды болу. Мысы құру. Қыр көрсету. Сабасына түсу. Көңіліне келу.

 

Мына сөздердің қайсылары тұрақты тіркеске жатады?

Ақ халатты абзал жандар, дала кемесінің капитаны, былғары қолғап шебері, адам жанының инженері, мектептің жүрегі, қас-қабағын аңду, қолы ұзын, жүрегінің түгі бар, көзі ашық, ит арқасы қиянда, түйе үстінен сирақ үйту.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма

Сөйлемдегі сөздерді сөз тіркесінің құрылысына қарай сызба бойынша талда

 

Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың ән мен күйлері еліміздің әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.

Ауыл-ауылды аралап ән айтып, күй тартқан сал-серілер сол дәуірдің музыка мәдениетін таратушылар болды. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Әнші-композиторлар шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды. Одан кейінгі жылдарда да қазақ музыкасының жанры мықтап дамыды.

 

 

4-тапсырма.

Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса

 

Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын- жуығына арнап сақталған кәделі ет мүшелері сыбаға деп аталады. Айталық, ақсақалдарға, құдаларға, жолы үлкен адамдарға сыбаға әдейі сақталады. Бас, жамбас, ірі малдың белдеме омыртқалары сыйлы мүшелер болып саналады. Өзі келе алмайтын қарт адамдардың сыбағасын беріп жібереді. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам жолаушы өзі қонатын үйде сыбағам бюар деп санаған.