Сын есім

33

Сын есім

 

Заттың түр-түсін, сапасын, сипатын, салмағын, көлемін, дәмін, иісін білдіретін сөз табы сын есім деп аталады. Сын есім қандаіі? қай? деген сұрақтарға жауап береді.

Сын есімнің негізгі белгілері

  1. Қазақ тіліндегі сын есім зат есімге анықтауыш болып тіркесіп жұмсалғанда ешқандай өзгеріске ұшырамайды: ақ көйлек, жақсы кісі, зерек оқушы, жеңіл жук, кең бөлме, дәмді ас, өткір иіс т.б.
  2. Сын есім септелмейді, тәуелденбейді, көптелмейді. Сын есім септік, көптік, тәуелдік жалғауларды қабылдаса, субстантивтеніп кетеді (субстантивтену — заттану, зат есімге айналу): Үлкенге (кімге?) — қурмет, кішіге (кімге?) —ізет (мақал).
  3. Сын есімге тән қосымшалар — шырай жұрнақтары.

 

Дара және күрделі сын есімдер

 

Құрамына қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді.

Курделі сын есім кем дегенде екі түбірден құралса, дара сын есім бір ғана түбірден тұрады. Мысалы: ақкөйлек, улкен орындық, аласа төбе дегенде ақ, улкен, аласа дара сын есім болса, орта жастағы адам, үлкенді-кішілі топ, көк көйлекті бала дегендегі орта жастағы, үлкенді-кішілі, көк көйлекті күрделі сын есім болады.

Күрделі сын есімнің жасалу жолдары

  1. Сын есімдердің тіркесуі аркылы: ақ ала, қара көк, ақ шұбар т.б.

Қосарлану арқылы: биік-биік, жақсылы-жаманды, орманды-тоғайлы т.б.

  1. Зат есім, сан есім сөздерінің тіркесуі, бірігуі арқылы: дуниежузілік, халықаралық, он кісілік, бес орындық т.б.