Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері

650

Сабақтың тақырыбы:                  Сөйлеудің диалогтік және монологтік түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлеу тілінің түрлері, сөйлеудің монологтік, монологтік ерекшеліктерін танытып, ұсынылған тақырып бойынша монолог, диалог құра білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, қиялын, шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін дамыту

Сабақтың типі:                               Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі:                               Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:               Түсіндірмелі, рөлге бөліп оқу, талдау, өзіндік жұмыс, жатқа оқу, т.б.

 

                                               Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

ІІ. Жаңа білімді игерту

 

Диалог- сөйлесу, әңгімелесу деген сөз. Көркем шығармада екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог дейміз.

Диалог көркем шығармада да, ауызекі сөйлеу тілінде де кездеседі.

 

Монолог – бір кісінің сөйлеуі, ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Онда адамдардың ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы, саяси-ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі ашық байқалады.

Лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Мысал ретінде Абайдың қара сөздерін, «Жыр құдіреті», «Ақтамберді жырау», 144-146 беттер  (дидактикалық материалдар) оқып беріп, оқушылардың өздеріне ажыратқызамын.

 

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту

 

307-жаттығу

  1. Рөлге бөліп оқу
  2. Тәрбиелік мәнін анықтау

 

308-жаттығу

  1. Үзінділерді мәнерлеп оқу
  2. Рөлдерге бөліп оқу
  • Автор
  • Шешесі
  • Зере
  • Абай
  • Жиренше
  1. Қай шығармадан үзінді екенін анықтау

 

Өзіндік жұмыс

Кез-келген тақырыпта жұптаса отырып диалог құрау

  • Туған жер
  • Достық
  • Қызылоданың 70 жылдық мерейтойы
  • Адамгершілік
  • Ата-ананың алдындағы парыз

 

309-жаттығу

  1. Мәнерлеп оқу
  2. Монолог екенін дәлелдеу
  3. Сөздердің байланысу түрлерін анықтау

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:                       Диалог, монолог жаттап келу