Өмір қауіпсіздігі негіздері (5-сыныпқа арналған вариатив курс жоспары)

 

Өмір қауіпсіздігі негіздері

(5-сыныпқа арналған вариатив курс жоспары)

 

Түсінік хат

Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғау білімдері болуы керек, сонымен қатар балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екендігіне үйрету керек. Мектеп жасындағы  балаларды жай және ойын түрінде  өмір қауіпсіздік негіздеріне (ӨҚН) оқыту керек.

 

Адам үшін ең қымбаты-өмір.Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық.Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты.Ол үшін сақтана білу керек.Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті.

 

Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігене жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.
Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандайда болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайы кәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында,ӨҚН  пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып,оқушыларға терең білім беріледі. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.

 

Сондықтан  да  оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.Олай болса өмір қауіпсіздігі –өз өмірін өзі сақтап қалу емес,көрші-көлем,дос-жарандарының өмірінің қауіпсіздігіне көмектесу.Ендеше,балалар «Өмір қауіпсіздігі негіздері»курсын оқып шығып,күнделікті өмірде қолдана білсе,апаттың алдын ала біледі,бүліктің бетін қайтарады.

 

Сонымен –өмір қауіпсіздігі,яғни олардың-бәріміздің өміріміздің қауіпсіздігінің қарапайым қағидалары.Ол қағидаларды барлық оқушы біліп,үйренулері керек.

Балаларға үйретілген білім, өмірде төтенше жағдайдан құтқарылуға көмектеседі.

Мақсаты мен міндеттері:

  • Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрлерімен таныстыру
  • Балаларға экологиялық мәдениет, салауатты өмірді тәжірибеде бекіту және түсіндіру, қауіпті заттармен абай болу, көшеде өзін дұрыс ұстау
  • Төтенше жағдайда ескерту шараларынан кейін өздерінің әрекеттеріне сенімділікті енгізу
  • «Өмір қауіпсіздігі  негіздері» курсы  бойынша оқыту үрдісінде алынған теориялық білімдері мен тәжірибелік әдістерін жүзеге асыру
  • өмір жағдайларында бір-біріне қамқорлық және өзара көмектер көрсету
  • Жауапкершілікті арттырып,қайратты,тапқыр,сабырлы,жігерлі болуға шыңдау

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

  • бір және бірнеше көзден ақпарат ала алады
  • алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі
  • ақпаратты мазмұнына қарай топтастырады
  • өзіне-өзі сенімділікпен және жауапкершіліктен қарайтын тұлға қалыптасады

 

 

 

 

 

Пәнаралық байланыс:жаратылыстану,бейнелеу өнері,еңбекке баулу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмір қауіпсіздігі негіздері

Ардақ Мұқышева,Салиха Төрениязова

Алматы«Өлке»баспасы,2009

5-сынып

Барлығы-34 сағат

Сабақтың тақырыбыСағат саныМерзімі
1.Өмірің өз қолыңда1
2.Жол апатының алдын ала біл1
3.Жол таңбалары1
4.Бағдаршам мен реттеушінің белгілері1
5.Жол белгілері және олардың мақсаты1
6.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету1
7.Жол апаты кезінде өзіңді-өзің ұстай біл1
8.Велосипед жүргізушісіне қойылатын талаптар1
9.Өрт қауіпсіздігі1
10.Өртке қарсы қызмет және оның мақсаты1
11.Өрттің пайда болу себептері1
12.Өрт шыққан жағдайдағы іс-әрекет ережесі1
13.Қауіпсіздік белгілері туралы жалпы түсінік1
14.Тыйым салу белгілері1
15.Ескерту белгілері1
16.Бұйыру белгілері1
17.Өрт қауіпсіздігіне арналған белгілер1
18.Көрсеткіш белгілері1
19.Викторина«Адам және от»1
20.Электр қауіпсіздігін сақтау1
21.Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шаралары1
22.Цунами кезінде не істеуге болады?1
23.Дауыл тұрғанда,күшті жел соққанда1
24.Су тасқыны кезінде1
25.Найзағайдан сақтан1
26.Жанартаудың атылуы1
27.Ормандағы өрт1
28.Қар көшкіні1
29.Суға түскенде1
30.Айдалада аман қалу1
31.Сенің үйің1
32.Тест1
33.Пайдалы,зиянды тағамдар1
34.Салауатты өмір салты1