«Жанға жақын Фаризаның жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысы 3-4 сынып оқушылары арасында.

48

«Жанға жақын Фаризаның жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысы

3-4 сынып оқушылары арасында.

 

Мақсаты:   Ақынның  өмір жолымен, өлеңдерін таныстыра отырып, оқушыларға көркем

шығарманыың мағынасын түсініп, мәнерлеп оқуға машықтандыру.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық  қабілеттерін дамыту.

 

Көрнекілігі:  слайд,  ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ақынның портреті,

кітап  көрмесі.

 

Кітапханашы:  — Армысыздар, қадірменді қонақтар мен ұстаздар, оқушылар!

Поэзия дегенің – халық қаны,

қасіреті, мұрасы, жарық таңы;

ол – сезімнің оралмас мөлдірлігі,

уақыт шаңын бойына дарытпады.

 

Жыр – таңбадай қасиет халықтағы,

ақын – заман, дәуірдің алыптары,

ұрпақтардың, ортаның шын сенімі –

ақынның шабыт нәрі –   демекші,  қазақтың көрнекті ақыны, Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған 3,4 сынып оқушыларымен өткізгелі отырған «Жанға жақын Фаризаның жырлары» атты мәнерлеп оқу сайысына «Қош келдіңіздер!».

Ф.Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының, Исатай ауданында, Манаш ауылында дүниеге келді. 1961 жылы Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірді. Алғашқы еңбек жолы Еркінқала орта мектебінің оқытушылығынан басталды,  1966-1938 жж. Атырау облыстық «Коммунистік еңбек» газетінде әдеби  қызметкер, 1968-1970 жж. «Лениншіл жас» газетінің меншікті тілшісі, қазіргі «Ұлан» балалар газетінің, 1978 ж. «Ақ желкен» журналының бас редакторы болып қызмет атқарды.

Ақынның алғашқы өлеңдері  1958 жылы баспасөз беттерінде жарық көрді. «Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Дауа», «Көгершіндерім», «Асау толқын», «Алғашқы сабақ» т.б. өлеңдер жинағы , «Сөз сыры» балаларға арналған шағын әңгімелер  жинағы жарық көрді. Ақынның көптеген шығармалары шет ел тілдеріне аударылған. Сонымен бірге,  Чили ақыны Пабло Неруданың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің, орыс ақындары А. Блок, Р.Ф.Казакованың, Е.А. Евтушенконың, армян ақыны С.Б. Капутикянның өлеңдерін  қазақ тіліне аударған.  Ф.Оңғарсынова «Құрмет белгі», Парасат ордендерімен марапатталған, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстанның Халық жазушысы.

 

—      Құрметті оқырман қауым!  Ақынның өмірі мен шығармалары, жасаған қызметі жайында деректермен  таныс болдыңыздар.  Олай болса, ортаға мәнерлеп оқу сайысына келген сайыскерлерімізді шақырайық (оқушылар ортаға шығады).

 

  • Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі бәйгеге қазылық ететін алқа мүшелерімен

таныс болыңыздар (қазылар алқасымен таныстыру).

 

Мәнерлеп оқу сайысы  ІІ кезең бойынша өтеді.

 

І-кезең. «Ақын өмірінен» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар Ф.Оңғарсынованың өмірінен, шығармалары, атқарған қызметі жайынан берілген сұрақтарға жауап береді.

 

ІІ-кезең. «Жыр – менің жалғыз тарланым».  Яғни  бұл кезеңде, оқушылар ақынның бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқуы тиіс.

 

 

 

Сайыстың шарттарымен таныс болсақ, барлық қатысушыларға сәт сапар тілеп, сайысымызды бастаймыз.

 

  1. Туғанда мынау жастық шақтар күліп,

құнысып бишарадай жатпан  бұғып.

Өмірдің шатқалына жеке тарттым,

қатерден өзің күткен сақтар да үміт.

Жаныма сеніміңді серік қыл да,

сал мені жабырқамай аттандырып! – демекші,  «Ақын өмірінен» деп аталатын   сайысымыздың бірінші  кезеңі бойынша сұрақтарға жауап береміз.

 

  1. Ф.Оңғарсынова қашан, қай жерде дүниеге келген? (1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысының, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келді).
  2. Ақынның әкесінің, анасының аты кім? (әкесі Оңғарсын Иманғалиев, анасы Халима Бекейқызы).
  3. Алғашқы өлеңдері қашан жариялана бастады? (1958 жылы баспасөз беттерінде жарық көрді).
  4. Ф.Оңғарсынованың өлең жинақтарын ата («Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары», «Дауа», «Сұхбат», «Шілде», «Алғашқы сабақ» т.б.).
  5. Ақынның қандай өлеңдерін белесің? («Сандуғаш», «Ұстаз», «Соңғы қоңырау», «Туған жер», «Нарын» «Ақын» т.б.).
  6. Ф.Оңғарсынова кім? (ақын, аудармашы, жазушы, көсемсөзші).
  7. Ақын қандай оқу орнын тәмамдаған? (1961 жылы, бұрынғы Гурьев (қазіргі Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының тіл-әдебиет факультетін бітірді).
  8. Ақынның қандай марапаттары бар («Құрмет белгі», Парасат ордендерімен марапатталған, Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер, Қазақстанның Халық жазушысы).
  9. Ақын қандай шет ел авторларының өлеңдерін аударды? (Чили ақыны Пабло Неруданың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидің, орыс ақындары А. Блок, Р.Ф.Казакованың, Е.А. Евтушенконың, армян ақыны С.Б. Капутикянның өлеңдерін қазақшаға аударды).
  10. Ф.Оңғарсынованың Тұңғыш өлең жинағы қашан жарияланды және қалай аталады? (1966 жылы, «Сандуғаш» атты өлең жинағы).

 

  1. Жаным – дала, көгінен бұлт арылмай,

батпан зілдер басса да, жүр тарылмай,

Шідерлеулі көңілді зулат, жырым,

баяғының құс қанат тұлпарындай – дей келе сайысымыздың екінші кезеңі «Жыр-менің жалғыз тарланым» деп аталатын кезеңіне өтейік.  (Бұл кезеңде, ақынның бір өлеңін оқушылар мәнерлеп, жатқа айтады).

 

Әр кезең бойынша сайыскерлерімізді бағалап отыру.  Қазылар алқасы сайыскерлердің алған ұпайларын есептеп, нәтижесін шығарады.

 

  1. Кітап көрмесіне шолу жасау.

 

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Міне, мәнерлеп оқу сайысын қорытындылайтын сәтке де жеттік. Олай болса, сайыскерлерімізге әділ бағасын беретін қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамын.  Сайыстың қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттау.

«Фаризаның белсенді өмірлік поэзиясы поэзия әлеміндегі  ізденіс-толғаныстармен, әсерлі тебіреністерімен, ақындық өнер жайлы қанатты ойларымен, жас ұрпақты адамгершілік рухта тәрбиелеу жолындағы еңбегімен қалың жұртшылықты сүйсіндіріп келеді» – дейді, әдебиетші ғалым Б.Асылжанов.

Ақынның өнегелі өмір жолы, мол туындылары оқырман жүрегіне жол таба берсін деген тілекпен бүгінгі мәнерлеп оқу сайысын аяқтаймыз.