«Ұмытылмас ерлік»

51

«Ұмытылмас ерлік»

(Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына арналған кластан тыс шараның даярламасы)

Мақсаты:    1.Ұлы  Отан  соғысы , оның  зардаптары,  Ұлы  жеңістің

мән-маңызы  туралы  мағлұмат  беру.

  1. Оқушылардың  тіл  байлықтарын,  ойын,  мәнерлеп  оқу

дағдыларын  ұштау.

  1. Отан үшін  жан  қиған  аталар  мен  апалардың,  қазіргі

таңдағы  арамызда  жүрген  ардагерлеріміздің  ерліктерін

үлгі  ете  отырып ,  оларды  құрметтеуге  тәрбиелеу;

отансүйгіштікке,  батылдыққа  шыншылдыққа  баулу.

Көрнекілігі: мультимедиалық проектор, плакат, газет-журналдар

Түрі: әдеби-сазды кеш

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, музыка, әдебиет

Қатысатындар: 7 «а» класы

Барлығы: 27 оқушы

Кіріспе сөз

Мұғалім: Құрметті  қонақтар, оқушылар,  мұғалімдер!

Әрқайсысымыз  үшін  жақын  да  қымбат  мереке  1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысындағы  жеңіс  күніне    санаулы  да  күндер  қалды. Жеңіске  жету  жолында  қазақстандықтардың  асқан  ерлігі  мен  әскери  жанқиярлығы  Отан  соғысы  тарихындағы  жарқын  беттерге  айналды. Сондықтан  Жеңіс  күні  әрқайсысымыздың  жүрегімізге  жақын. Өкінішке  орай ,  уақыт  сол  ұлы  оқиғаларға  қатысушыларды  біздің  қатарларымыздан  алып  кетіп  жатыр.  Олар  азайған  үстіне  азайып  барады. Бірақ  ешкім  де,  ештеңе  ұмытпауы  тиіс! Себебі, бұл – біздің  тарихымыз, біздің  мақтанышымыз, біздің даңқымыз! Солай  болғандықтан  да өскелең жас  ұрпақты,  сіздерді  аға  буынның  майдан  мен  тылда  көрсеткен  ерліктері  үлгісінде тәрбиелеу – міндетіміз.

Вальс ойнап тұрады. Сахнада түлектер жұптасып билеп жүр. Олар жай, ақырын әңгімелесуде.

Кенеттен музыка тоқтап, сырттан авиабомба, снарядтардың жарылған дыбысы естіледі. Қыздар қорыққандарынан қолдарымен басын бүркіп тұр. Ал жігіттер оларды құшақтарына қысып, қорқыныштан сақтағысы келеді. Бәрі жан-жақта.

Радиотораптан диктор Левитанның қатқыл дауысы естіледі.

«Кеңес үкіметінің ақпараттық бюросынан. 22 маусым сағат таңғы 4-тер шамасында фашистік Германия еш хабарлаусыз Кеңес Одағына шабуыл жасады».

Оқушы: Соғыс! Соғыс! Соғыс!

 

1-жүргізуші: Адамдардың тыныш өмірі бұзылды. Арман, махаббат, бақыт – бәрі өртке өртенгендей бір сәтте сөнді де қалды.

Музыкалық әуен

Сахналық қойылым: ақ түсті көйлек киген қыз балалар сүйіктілерін құшақтап, жылап тұр.

Қойылым: «Ананың баламен қоштасуы»

О, құлыным, балам, ұлым! Мені тастап, жауыздардың жазасын беруге кетіп бара жатырсың! Енді сені қашан көрем, әлде  көре алмаймын ба? Не жаздым саған, қу өмір!

Баласы:

Анам! Сен мен үшін қамықпа! Әрбір секунд сайын менің қалай сені жақсы көретінімді есіңе ал. Жаман еш нәрсе ойлама. Соғыс біткен соң, жақын арада оралам! Анам! Жан анам!

Қыз:

О, сұм соғыс! Сенің бұл не істегенің? Мынау дала тыныш боп қалды. Солдат артынан солдатты алдың. Сау болыңдар, жігіттер! Қайтып оралуға тырысыңдар! Жоқ. Тығылмаңыз! Биік боп, еш оқ пен гранатты аямай жауды жеңіп оралуға тырысыңдар! Қайта оралуға тырысыңдар! Сау бол!!! (Қыздар орамалдарын бұлғап, шығарып салады)

2-жүргізуші: Қамқорсыз өмір бір күн ішінде 4 жыл, 1418 күнге айырбасталды. 1418 күн бойы жан-жағыңда қан, өлім, ауырлық пен жақындарыңнан айырылу. Керемет жігіттер мен қыздардың қаза болуы.

 

«Солдат»

Оқ  борады күні-түн

Жатты  жерді  от қарып.

Алға  қарай  ұмтылды,

Батыр  қазақ   оқты алып.

Қойылым: «От басында»

Солдаттар өзара әңгіме құрып, попурри айтып, ертеңгі күнге дайындық жасап отыр.

1-жүргізуші: Соғыста олар тек соғысып қана қоймай, қимай шығарып салған ардақты ана, сүйікті жар, сәбилерін, Отанын, үйін де естерінен шығармады. Хат жазып тұрды.

 

 

Сол хаттан:

«Күт мені»

Күтші мені! Мен оралам,

Тек қана күт.

Көңілің түскен

Жаңбырлы күндері күт!

Қарлы борандарда күт,

Қапырық ыстықта күт!

Кешке ұмытып

Басқалар күтпегенде күт.

Алыстан хат келмегенде күт,

Барлығы күтуден шаршағанда күт.

Күтші мені, мен оралам!

Қыздың солдатқа жазған жауабы

«Сенің жақын арада елге аман оралатыныңа мен сенемін. Бәлкім, жағдайың онша емес те шығар. Бірақ ақ жүзіңдегі күлкі табы сол қалпында қаларына да сенемін. Бұның түс емес екенін, сенің елес емес екеніңді ұғамын. Сен оралғанда қуанышпен алдыңнан шықсам, сен менің бетімнен сипап, құшағыңа аласың. Солай болатынына сенемін. Жақын болмаса да, түбі оралатыныңа сенемін»

Оқушы: Осы  сұрапыл  соғыста  жауды  талқандап  Ұлы  Жеңіске  жетуге  қазақстандықтар  да  сүбелі  үлес  қосты. Жүздеген  мың  қазақстандықтар  қолына  қару  алып ,  өз  Отанының  бостандығы  үшін  күресті.

Қазақстаннан фронтқа 1 миллион 196 мың 164 адам шақырылды. Соның әрбір төртіншісі шабуыл алаңында көз жұмды. Қазақстанда 20-дан астам 30 түрлі ұлт өкілдерінен тұратын атқыштар дивизиясы құрылған болатын.

Қазақстандықтар  Брест  қамалын  қорғады,  Мәскеу  түбінде  өлімге  бас  тікті,  Сталинград ,  Курск  доғасындағы  шайқастарда  ерекше  көзге  түсті.  Берлинді  шабуылдады,  Рейхстагқа  Жеңіс  туын  тікті.

Ән.  «Бейбітшілік  сақталады»  ( хор.)

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар аралығында құрылған әскери орталықтар түрлі және шешуші шабуылдарға қатыстырылды.

2-жүргізуші: Мәскеу түбіндегі шайқаста генерал Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясының аты шықты.

1-жүргізуші:

Халқымыз  Мәскеуді  қайсарлықпен  қорғаған  28  Панфиловшы  батырларды  ғұмыр  бойы  құрметпен  есте  сақтайды.

Оқушы.     Қасарысты  жиырма сегіз,

Тынбай  атты  гранатты.

«Отан» деген  отты  лебіз-

Жандарынан  жалын  атты.

Кетпес  олар  естен  мәңгі,

Кектері  тұр  кеудемізде,-

Ерлік  даңқы —  жеңіс  таңы

Жарқыратып  келді  бізге.

Оқушы.  Соғыс  тарихында  асқан  ерлікті  бейнелейтін  бұл  ұрыста  28  Панфиловшының  23-і  қаза  тапты,  28-дің  22-сі  қазақстандықтар  еді.

Орыс , қазақ ,  қырғыздан,

Құрылған  бұл  шағын  топ.

Жауға  үрей  туғызған

Жайпап  түсер  жалын  боп.

Даңқ  қосып  даңқына,

Сұрапылға  төтеді.

Борыштарын  халқына,

Ерлігімен  өтеді.

16-оқушы      Жиырма  сегіз, жиырма  сегіз – бір  ғалам,

Анау  жаудың  танктері  лаулаған.

Ресей  кең,  Отан  кең , артымызда  Москва.

Шегінуге  хақымыз  жоқ ,  хақымыз  жоқ  бір  қадам.

Ән.  «Ел  қорғауға  әзірміз»    (  ұлдар  орындайды)

Қойылым: «Бауыржан Момышұлы»

 

Генерал  үстел басында жергілікті картадан көз алмай қарап отыр. Бауыржан кіруге рұқсат сұрап, қасына жайғасты. Генерал: «Әуелі тамақтанып алайық, сосын ұрыс тактикасын зерттейміз»,-деп айтқанша болмай, Бауыржан:

  • Тамағымнан бір тамшы су да өтер емес, — деді.

Генерал:

  • Жоқ, сонда да әуелі тамақтанғанымыз дұрыс. (Қара нан мен шайды екеуі бөлісіп жеп алады)

Кейін генерал оған ұрыс тактикасын түсіндіріп, сөзінің соңында:

  • Ал, Бауыржан, іске сәт! Сен маған осы жерде тірідей керексің! Аман оралуыңа тілектеспін, —

деп шығарып салады.

Өлең оқылады.

 

Қойылым: «Немістер қоршауында»

Неміс (неміс тілінде): Алға бас! Тізе бүк! Қолыңды көтер!

Жігіт: Елімді сатпаймын! Басымды балтамен шапсаң да, құлдыққа сатсаң да, қапасқа салсаң да кешірім сұрап, құпияны ашпаймын!

Неміс ашумен жігітті атып тастайды.

1-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы бүкіл ел үшін өте ауыр болды. Ол Қазақстанды да айналып өтіп кете алмады.

2-жүргізуші:

Халқымыз  Мәскеуді  қайсарлықпен  қорғаған  28  Панфиловшы  батырларды  ғұмыр  бойы  құрметпен  есте  сақтайды.

Оқушы.Қасарысты  жиырма сегіз,

Тынбай  атты  гранатты.

«Отан» деген  отты  лебіз-

Жандарынан  жалын  атты.

Кетпес  олар  естен  мәңгі,

Кектері  тұр  кеудемізде,-

Ерлік  даңқы —  жеңіс  таңы

Жарқыратып  келді  бізге.

Оқушы.  Соғыс  тарихында  асқан  ерлікті  бейнелейтін  бұл  ұрыста  28  Панфиловшының  23-і  қаза  тапты,  28-дің  22-сі  қазақстандықтар  еді.

Орыс , қазақ ,  қырғыздан,

Құрылған  бұл  шағын  топ.

Жауға  үрей  туғызған

Жайпап  түсер  жалын  боп.

Даңқ  қосып  даңқына,

Сұрапылға  төтеді.

Борыштарын  халқына,

Ерлігімен  өтеді.

Оқушы                       Жиырма  сегіз, жиырма  сегіз – бір  ғалам,

Анау  жаудың  танктері  лаулаған.

Ресей  кең,  Отан  кең , артымызда  Москва.

Шегінуге  хақымыз  жоқ ,  хақымыз  жоқ  бір  қадам.

Ән.  «Ел  қорғауға  әзірміз»    (  ұлдар  орындайды)

 

1-жүргізуші: Қазақстандықтар өздерін батылдықпен және батырлықпен көрсете алды. Осылайша жеңіс күні жақындай түскен еді. 512 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды. Соның бірі, Ленинградтағы шайқаста өз кеудесімен жау оғын жауып қалған жерлесіміз Сұлтан Баймағанбетов.

Оқушы. Біздің  халқымыз  қазақтың  батыр  қыздары  Әлия  Молдағұлова  мен  Мәншүк  Мәметованың  есімдерін  мақтанышпен  атайды.

Даламыздың  даңқысың,

Балауса  гүл  балғын  қыз.

Жанын  қиып  халқы  үшін,

Жанып  түскен  ақ  жұлдыз.

 

Оқушы.       Сілкінтіп  зеңбіректер жердің  жүзін,

Оқ  борап  снарядтар  қаққан  да  ызың.

Қаптаған  қалың  жаудан  тайсалмаған,

Мен  көрдім  пилоткалы  қазақ  қызын.

2-жүргізуші: Мәншүк Орал облысының, Орда аулында дүниеге келді. 1942 жылы 20 жастағы Алматы медицина университетінің студенті өз еркімен соғысқа аттанды. «Менің орным сонда. Өз елімді жаудан қорғау менің азаматтық борышым» деп есептеді.

Өлең «Мәншүк»

1-жүргізуші: Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Талдысай елді мекенінде дүниеге келді. Соғыс басталғанда Әлия 15 жаста еді. Нәзік, әрі әлсіз Әлия атқыштар мектебін үздік бітіріп, Ленинград түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тапты.

Өлең «Әлия»

Музыкалық әуен: «Әлия». Сөзі Б.Тәжібаев, музыкасы С.Бәйтереков

2-жүргізуші: Әйел-солдат: ана, апа. Сүйікті жар. Қаншама қиындық пен жоғалту олардың үлесіне тиді. Майданнан ұлын, аға-інісін, жолдасын күтті. Сөйте тұра, бала да тәрбиелеп, егін баптап, станок жанында тұрды. Ал кейбіреулері ер адамдармен бірге қан майданда айқасты.

 

Левитанның сөзі:

Кеңс үкіметінің ақпараттық бюросынан! 8 мамыр 1945 жылы жылы Берлинде Германияны капитуляциялау туралы акт жасалды. Кеңес Одағының фашистік Германияға қарсы Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды!

1-жүргізуші: Біз сол сұм соғысты жеңдік. Үйімізге сүюге, өмірге қуануға оралдық.

«Ана қуанышы» өлеңі

1-жүргізуші: Сұрапыл соғыста қаза болғандарды еске алуға 1-минуттық үнсіздік.

(сағат дыбысы естіледі)

Жеңіс  деген  жақсылықтың  сыңары,

Жігер  менен  құштарлықтың  құралы.

Күрескердің  арманы  мен  ұраны,

Қуаныш  пен  мерекенің  бұлағы.

Сүйінші , халқым  сүйінші,

Сүйіншіге  —  сүйінші!

Шаттан  ата-анамыз!

Шаттан  ата-бабамыз!

Кек  қайтарып  фашистен ,

Соғыс  бітті  жеңіспен.

Жеңдік  жауды  күресте,

Жасалсын  той  мереке!

2-жүргізуші:

Жеңіс  күні – адамзат  аңсап  күткен  күн. Жеңістің  туын  тіккен  1945  жылғы  9 мамыр  азаттық  күрестің  айбынды  күні.

 

Өлең «Бақытты балалық шақ»

Хор «Ақ көгершін»