«Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі

392

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар!Біз бүгін салауатты өмір салтын ұстанатын, өзгерістерде қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы»  қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Сап түзел, тік тұр! Қазақстан Республикасының гимні орындалсын!

Әнұран:

1-жүргізуші:

Қазақстан туған Отан,алтын бақ

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап

Қазақстан көпті көрген қария

Қазақстан мейірбанды жерім қымбат

Тауымыз бар тәңір татқан шынымен

Ұл қызым бар даламыз бар кенінен

Алдарына басымды иіп өр халқым

Құттықтаймын Тәуелсіздік күнімен

2-жүргізуші:

Биылғы жылы Тәуелсіздіктің,бейбітшілдік пен жасампаздықтың 22 жылы баршанызды осы айтулы мерекелерінізбен құттықтай отырып «Біз- Тәуелсіз елдің Ұланымыз» атты салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етініздер.

1-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:

1.Мектеп директоры- Сарықұлов Сағидолла Ләтиұлы

2.Тәңірберген селолық округінің әкімі- Ділжанов Әділбек Шұғайыпұлы

3.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары- Утепбергенов Айбек Болатұлы.
2-жүргізуші:

Құрметті қонақтар! Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы қарсанында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен 2011 жылы 6 шілдеде Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қауымның бірлестігі құрылды.

1- жүргізуші:
Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсіміне куә болып отыр.

оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.
2-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
1- жүргізуші:
Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.

2-жүргізуші:
Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
1-жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
2-жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
1-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.
2-жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
1— жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.

2- жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
1— жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
2-жүргізуші: Бүгінгі таңда аудандық, облыстық деңгейде мектебіміздің атын асқақтатып жүрген «Жас Ұлан» балалар ұйымының белсенділерін ортаға шақырамыз!

Мәдени-тәрбиелік бөлімбасы- Башанова Нұргүл

Салауатты өмір салтын насихаттау бөлімбасы- Балмұхан Абылайхан

Сыртқы істер бөлімбасы- Худайбергенова Алия

Ақпараттық істер бөлімбасы- Кеңшілік Алина

Ғылыми істер бөлімбасы- Башанова Мадина

1-жүргізуші: Және  орта мектебі Саржансай «Жас Ұлан» балалар ұйымының Ұланбасы- Серіков Заңғар

Ән: «Жас Ұлан»

Менің елім — Қазақстан Отаным!
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел.
Арта берсін, абыройың, атағың

2-жүргізуші:

Қазақ жері көп шеккен қасіретті

Қазақ елі өнерлі өсиетті

Египетті бейнелеп бейбарысты

Қазақ елі киелі қасиетті

Ән: «Қазақстан» 5 класс оқушылары

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)
Білімді -көкіректе нұр деп түсін,
Жігерім, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат талап ережені,
Орындауға бәрің де міндеттісің!

Көшбасшы: Ұйым түзел, тік тұр!

Құрметті Сарықұлов Сағидолла Ләтиұлы! Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына Нагорный орта мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!

Директор: Рұқсат етіледі

Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсындар ма?

Оқушылар: Дайынбыз (3 рет)

Ұланбасы: «Біздің ұран»

Оқушылар: Біздің ел Қазақстан, болашағы Жас ұлан

Ұланбасы:

Оқушы: Мен

Ұланбасы: топтан шық

Оқушы: Құп болады!

Ұланбасы: Ант қабылдансын!

Оқушы: Мен – Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына кіре отырып:
Өз Отаным –Қазақстан Республикасының патриоты болуға.
Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге туған елім, жерім, Отанымды мақтан етуге, ата-анамды қадірлеуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, білімге табандылықпен ұмтылуға, салауатты өмір салтын ұстауға, табиғатты аялауға «Жас ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге ант етемін!
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін, ант етемін, ант етемін!

 

1-жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларымызға галстук тағу рәсімі бүгінгі салтанатты жиын қонақтары:

1.Мектеп директоры Сарықұлов Сағидолла Ләтиұлы

2.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Утепбергенов Айбек Болатұлы.

Сөз кезегі Мектеп директоры Сарықұлов Сағидолла Ләтиұлына беріледі.

«Жас Ұлан» әнұраны орындалады

Көшбасшы: Ұйым түзел, тік тұр! «Жас Ұлан» ұйымының туы әкетілсін

1-жүргізуші: Құрметті «Жас ұлан» ұйымының мүшелері! «Жас Ұлан» ұйымына қабылдаңғандарынмен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматы болуға тілектеспіз. Мектебіміздің «Жас ұлан» ұйымына қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.