Ұлттық бірыңғай тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі.

43

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі.

Өскелең ұрпақтың болашақтағы қызметі алған білімінің сапасына байланысты болады. Білім мен ғылым – еліміздің ең басты байлығы. Сапалы білім алған жастар  өздерінің алға қойған   мақсаттарына қол жеткізе алады.

Аталған жұмыстарды жүзеге асыру барысында  Сәтбаев қаласы әкімдігінің №16 жалпы орта  білім беретін орта мектебінде де ҰБТ – ға байланысты қарқынды  жұмыстар іске асырылуда. Ұстаздар қауымы ҰБТ-ға дайындықты жүйелі жүргізіп, тиімді жолдарды қарастырып дайындауда. Жыл басынан ЖезУ тест орталығынан, «5+», «Достық» тест орталықтарынан оқушыларға байқау тест сынақтары ұйымдастырылды. Өткізілген әр бір тест байқау сынақтарында пәндердің орта ұпай және сапа көрсеткіштеріне талдау жасалып, пән мұғалімдері қосымша жұмыстар жүргізуде.

Мектебімізде ҰБТ – ға дайындық жұмыстары жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп,          әрбір нақты пән бойынша алға қойылған  міндеттеріне қол жеткізу үшін қосымша түзету  жұмыстары да  жүргізіліп отыр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі. Сондықтан да бұл маңызды жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Өйткені, ҰБТ нәтижелері мұғалімнің де, мектептің де жұмысының нақты көрсеткіші болып табылады.Осы орайда мектебімізде білім сапасын арттыруда «ҰБТ-ға сапалы дайындаудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында  ұстаздар арасында тәжірибе алмасу, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету,    ұстаздар мен бітіруші сынып оқушылары және ата-аналардың қатысуымен  кеңейтілген ата-аналар жиналысы  өткізілді.

Қаламыздың мектеп бітіруші түлектері ҰБТ-дан жоғары ұпай жинап, қаламыздың мәртебесін асқақтататын, арманы асқақ түлектеріміз көбейе берсін.